7 сынып. Саба? жоспарыны? та?ырыбы: Шеміршекті балы?тар: акулалар ж?не скаттар.


Күні:7.02.2017
Сынып: 7К
Сабақ тақырыбы: Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар.
Мақсаты:
Білімділік: шеміршекті балықтар класы бойынша тән белгілеріне тоқталу, олардың қаңқасы тек шеміршектен тұратынына түсінік беру; алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Дамытушылық: сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
Тәрбиелік: өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, іздену, сұрақ-жауап, талдау, топтық, тест жұмысы, суретпен жұмыс, бинго, илюстрация.
Керекті құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, электрондық оқулық, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, АКТ,стикер, муляж (балық), физминутка, доп.
Күтілетін нәтиже:Шеміршекті балықтардың құрылысы, ерекшелігі, таралуы, мекен ету ортасы және түрлерін меңгереді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру –2 минут
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындау.
Топқа бөлу. (балық бойынша)
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Сергіту сәті (видео қосылады)- 2 минут
Топқа отырған оқушылар топ басшысын сайлайды.
Үй тапсырмасы:
1.Тест жұмысы ( Барлық топқа бірдей 5сұрақ) (3 минут)
1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.
А.герпетология В.ихтиология С.орнитология
2. Сүйекті балықтардағы ерекше мүше
А. Торсылдақ
В. Қуық
С. Бүйрек
3. Теңіз алабұғасы
А.Дара жынысты
В. Қос жынысты
С.Гермафродит
4. Балық қабыршақтарының жылдық сақиналары бойынша нені анықтауға болады
А. Ол балықтың сезім мүшесі
В. Балықтың жасын
С. Балықтық аталық не аналық екендігін
5. Сүйекті балықтардың есту мүшесі... тұрады
А. Ішкі құлақ
В. Сыртқы құлақ
С.Ортаңғы құлақ
Жауаптары:
В
А
В
В
А
Суретпен, муляжбен және сәйкестендіру кестесімен жұмыс (2+2 минут)
1 топқа. Берілген балықтың муляжын қарастыра отырып, құрылысына сипаттама бер
2 топ. Суреттегі балықтың ішкі құрылыстарын анықтап, аттарын жаз
3 топ: Берілген балық мүшелерінің қызметтерін сәйкестендір.
№ Балықтың мүшелері Қызметі
1. Бүйрек 1.Дене салмағын жеңілдетеді
2.Зәр уақытша сақталады
2 Бауыр 3.Зәр шығару
3 Желбезек 4. Тыныс алу
4 Қуық 5.Дыбыс шығаруға қатысады
5 Жұтқыншақ 6.Бағыт береді.
6 Бүйір сызығы 7.Тыныс алу
7 Құйрық жүзбеқанаты 8. Ас қорыту
8 Торсылдақ 9.Судың ағысын сезу
Жаңа сабаққа дайындық. (2 минут)
«Алтын қақпа» ойыны. Формативті бағаланады. Дұрыс жауап берген оқушыларға конфет беріледі.
«Тас қақпа» сұрағы
Балықтардың қазіргі кезде неше түрі бар
Жауабы: 20 мыңнан астам
«Темір қақпа» сұрағы
Балықтардың дене бөліктерін ата
Жауабы: Бас, тұлға, құйрық
«Мыс қақпа» сұрағы
Балықтар неше класқа бөлінеді?
Жауабы: 2 класс: Сүйекті және шеміршекті.
«Күміс қақпа» сұрағы
Сүйекті балықтардың торсылдағы қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Балықтың дене салмағын өзгертеді; Кейбір балықтарда дыбыс шығару, тыныс алу қызметін атқарады.
«Алтын қақпа» сұрағы
Сүйекті балықтардың зәр шығару мүшелерін ата.
Жауабы: 2 бүйрек, 2 несепағар, қуық.
Жаңа сабақ тақырыбы: Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар.
Тақырыпшаларға бөлу. (4 минут)
1 топ: Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысы
2 топ: Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысы
3 топ: Шеміршекті балықтар: Акулалар мен скаттар.
Топ ішінде талқылау. (3 минут)
Басқа топты оқыту (5 минут)
Электрондық оқулық. (3 минут)
Білім бекіту:
Постер құрау. (2+2+2 минут)
1 топ: Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысындағы ерекшеліктер
2 топ: Акулалар мен скаттар
3 топ: Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.
Постер қорғау (6 минут)
Рефлексия: «Серпілген ой» 3 минут
Үйге тапсырма: «Бинго» ойыны
Скат, тұтасбас (химера), акула қосымша деректер және видео (3-5 минут)
§51 мазмұндау.
Кері байланыс: «Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?» Оқушылар өз алған білімдеріне сенімділіктерін немесе сенімсіздіктерін айтып стикерге жазады.