«?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік ?абілетін дамыту ма?сатымен ойын элементтерін ?олдануды? тиімділігі» Ма?ала


«Рудный қаласы әкімдігінің №4 мектеп-лицейі»КММ
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Мусапирова А.С.
Мақала
«Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатымен ойын элементтерін қолданудың тиімділігі»
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту үшін қолданылатын ойын түрлерінің белгілі бір мақсаты және орны ерекше. Кейбір ойын топтары: шығармашылық ойындар, сюжеттік - рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, лингвистикалық ойындар. Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс - әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Оқу процессі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып , топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтайды, зейінділігін қадағалайды, өз білім деңгейіне өзі баға беруіне көмектеседі. Қазақ тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық даму үшін аса маңызды екені дәлелденген. Мотивация - кез келген іс - әрекеттің басты механизимі болып табылады. Ойын жасөспірімдердің ақыл ой әрекеттерін жасайды. Ойынның басты мақсаты - баланы қызықтыра отырып, тіл үйрету. Ойын барысында баланың бірнеше танымдық қабілеттері дамиды. Солардың бастысы- есте сақтау қабілеті. Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне орай ойын тапсырмаларымен қатар оның бойында жауапкершілік, міндеттілік сезімдерін оятуға да назар аударылуы қажет. Оқушыларды әр түрлі тапсырмаларды орындауға ынталандыратын, тілдік қарым - қатынасқа жетелейтін тиімді әдістердің бірі ойын әдісі деп санауға болады.
Ойындар.
«Сөз жарысы».
Ойынның мақсаты-сөздік жұмысын қайталау. Бұл ойында үш оқушы тақтаға шығады. Оқушылар сөздерді орыс тілінде айтады. Үш оқушы қазақ тіліне аударып, тақтаға жазады. Қатесіз жазған оқушы жеңімпаз болады.
«Дұрыс тап».
Бұл ойынды әр тақырып соңында өткізуге болады. Тақтаны екіге бөліп , екі бөлігіне де бірдей сөздер жазылады. Әр топтан бір бала шығып, бір сөзден жазып кетеді. Мысалы: Ағаш-жапырақ, мектеп- оқушы, бөлме-... .
«Орныңды тап».
Тақтаға сұрақтар жазылады. Әр оқушыға сөздер таратылады. Олардың мақсаты сөздерді дұрыс ілу. Мысалы: Кім? оқушы, не? дәптер.
«Не артық?»
Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді. Оқушылардың мақсаты артық суретті табу. Мысалы: Алма, алмұрт, жүзім, қияр.
«Ойлан тап».
Қандай сан жоқ?
Мысалы : 1 2 3 4 5 6 9 10
7 8
«Пирамида»
Аталған атауға зат есімге бір сөз қосып, сөз тіркесін, сөйлем жасау. Мысалы:
сынып
Біздің сынып
Біздің сынып үлкен.
Біздің сынып үлкен, жарық.