Бізді? ?лке.А?пан, ?азан революциясы


Ахметжанов Сираж Ахметжанович
Сыныптар: 9
Тақырыбы: Біздің өлке. Ақпан, Қазан революциясы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – жалпы тарихи білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы тарих туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)
V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Қазақтың Кеңістік ұлттық мемлекеттігі жариялануының зор тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл актіні отаршылдыққа қарсы ғасырларға созылған күресінің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады. 1924 жылы Қазақстанның астанасы Қызылордаға көшірілді. Алайда билік иелерінің ұйғаруы бойынша астана мұнда да көп тұрақтамай, 1929 жылы Алматыға ауысты. 1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық 5 съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Сосын тақырыпта кездесетін барлық терминдерге анықтама береді.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қойып, келесі тапсырмаларды береді.
1. тақырып соңындағы сұрақтарды орындау.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Сосын параграф соңындағы тапсырмаларды орындайды.
ІV Үй жұмысы:
1. § 9 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. осы тақырыптар бойынша тесттер құрап келу. .
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.
VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады. Қоштасады.