Тарих саба?тарында жа?а технология элементтерін пайдалану ар?ылы, о?ушыларды? п?нге деген белсенділігін арттыру.


Тарих сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы, оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру.
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Үшінші мыңжылдықтың басында ақпараттық кезеңге қадам бастық. ҚР білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Сондықтан да менің таңдап отырған шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Тарих сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы, оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру» Ұлы педагог К.Д.Ушинский «...қызығушылық туғызбайтын оқыту бірте-бірте оқушның білімге деген құштарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушның еркін күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады » деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып, оқыту үрдісінде жаңа технология элементтерін қолдануды ұсынамын. Менің алға қойып отырған мақсатым оқу процесін ұйымдастырғанда әрбір оқушы өзінің іс-әрекетінен сезім алатындай, оқу – оқушы үшін қуаныш әкелетіндей етіп құру. Ал пәнді оқытудағы негізгі мақсаттарыма тоқталатын болсам: 1. Оқушыларды тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге ,ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру. 2. Ойлау дағдыларының қалыптасуын ең ұтымды жауапты іздестіре білуге баули отырып, өркениетті елдің білікті де білімді жас ұрпағын қалыптастыру. 3. Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра отырып, іскерлігін дамыту. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым: - Технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге дағдыландыру; -Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген тапсырмалар беру; -Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту. -Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану; Бұл мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру мақсатында өз әс-тәжірибемде қолданылып жүрген жаңа технология әдістері мен элементтерін атайтын болсам, олар: • Ынтымақтастық педагогикасы • Білім беруді ізгілендіру технологиясы • Ойын арқылы оқыту • Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы • Ұжымдық оқыту технологиясы • Проблемалы оқыту технологиясы • Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы • Түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; • Деңгейлік саралап оқыту технологиясы; • Модульдік оқыту технологиясы; • Жобалап оқыту технологиясы. • Ақпараттық (компьютерлік) оқыту технологиясы • Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы Тарих – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Жаңа технологияның тиімділігі берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Оқу мен тәрбиенің бірлігі, яғни екеуі қатар қалыптасады. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Өз бетімен дербес ізденуге, белсенді іс-әрекеттенуге ұмтылады. Өз ойын ашық айтуға, пікір алмасуға үйретеді. Уақытты тиімді пайдалануға болады. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылық пен белсенділігін арттыруға болады. Жаңа технология мен оның элементтерін сабақтарымда пайдалана отырып, мынадай жетістіктерге жеттім деуге болады: -Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы, барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. -Әр оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, белсенділігі оянды. -Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындауды жан-жақты дамыту жолға қойылды. Шығармашылық қабілеттері дамыды. - Оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері көтерілді. -Білікті де білімді, елжанды жас ұрпақ тәрбиеленуде. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді, тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыстануға әрекеттенемін.