Кер??ла атты Кендебай (5 класс)


"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
І. Сабақтың тақырыбы: "Керқұла атты Кендебай" ертегісі:ІІ. Сабақтың мақсаты: Ертегінің оқиға желісімен, кейіпкерлер сырын талдап ұғындыруІІІ. Міндеті: б) ертегінің мазмұнын, кейіпкерлерін талдау арқылы, ертегінің маңыздылығын ашу;т) 1. Оқушыларды мейірбандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;2. Патриоттық тәрбие беруд) Ертегі арқылы оқушы ой - қиялына қозғау сала отырып, өз ой - пікірлерін айтуға, жоспар құра білуге дағдыландыру.ІҮ. Сабақтың түрі: Аралас сабақҮ. Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгертуҮІ. Әдісі: Сөз әдісі, зерттеу әдісі;ҮІІ. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)2) Үй тапсырмасын сұрау:а)"Аяз би" ертегісіб) Ертегі жазып келуСұрақтар:1. Уәзірлер құстың, шөптің, адамның жаманын қалай таңдады?2. Жаманның таңдауы ханға қалай әсер етті?3. Меңдісұлу Жаманды басқалардан неге артық санады?4. Хан Жаманды "Барсакелмеске" не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер?5. әзірлерінің қылықтары сендерге ұнады ма? Неліктен?6. Ханның шалмен жұмбағын түсіндіріп айта аласыздар ма?7. Аяз би өзі хан болғаннан кейін өзіне қандай сөздер айтып отырады?8. "Жаман" туралы ертегі жазып, кім сурет салып келеді?9. Ертегіде қандай мақал - мәтелдер бар? Ертегінің бізге тәрбиелік әсері бар ма?Актуалдау: Балалар, осы "Аяз би" ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Ертегілер неше түрге бөлінеді?Жаңа сабақ: "Керқұла атты Кендебай". Жақсы, олай болса біз бүгін тағы да бір ғажайып ертегіге жататын - "Керқұла атты Кендебай" ертегісімен танысамыз.- Балалар, ертегілер қалай басталатын еді?- Иә, "Кендебай" ертегісі де осылай басталады екен. (шамалы бастап беру)- Иә, балалар, ертегінің негізгі кейіпкері кімдер екен?Жоспар.1. Кендебайдың дүниеге келуі2. Кендебайдың Керқұла аты3. Мергенбай батырдық баласы4. Керқұла атқа тіл бітуі5. Хан ауылынан келген Кендебай6. Теңселіп келе жатқан тау7. Ақырған арыстанды жеңуі8. Тұтқыннан босанған Ергенбай батыр9. Ел қуанышы10. "Керқұла атты Кендебай батырдың елі"Дамыту:1 - қатар: Кендебайға мінездеме2 - қатар: Керқұлаға мінездеме3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:2) 1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма?2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?3)"Дат" сөзінің мағынасын түсіндіруБекіту:4) ас, ат, қыз, көр, той сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қандай сөз болатынын айт.5) төбелері көкке жету, құралайды көзінен тигізген, көз жасын көл қылу сияқты тіркестердің мағынасын ашу6) Бұл ертегі неліктен қиял - ғажайып ертегіге жатады?(өз ойыңды дәлелде)Қорыту: Иә, балалар, қазіргі кезде де әрбір ұрпақ өз елін қорғау үшін, өз елін көркейту үшін тынымсыз тер төгіп, Кендебай сияқты ер тұлғалы, мейірімді ұл - қызы болуы тиіс. Ел осындай перзенттерімен ғана мақтана алады. "Елдің атын ер шығарады" дегендей, біз де өз еліміздің Тоқтар, Талғат, М. Шаханов сияқты тұлғаларымен мақтана аламыз.Мейірбандық, ораза айы, мұсылмандық шарттарын орындауҮйге тапсырма: а)"Керқұла атты Кендебай" ертегісі (мазмұны)ә) Сурет салу;б) Кендебайдың жеті басты дәумен, арыстанмен шайқасынан қызықты әңгіме жазу.еңбекқор жалқаунамысшыл Кендебай Хан балалары өтірікшіадал, мейірбан еріншекОқушы еңбегін бағала