Ашы? саба? жоспары Пирамида, ?иы? пирамида, д?рыс к?пжа?тар


Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пирмида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық:Студенттердің ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, геомериялық фигуралар,
бейнебаян, электронды оқу құралы.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Cабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1) сәлемдесу, сабақтың мақсаты, жүру барысын айту
2) үй тапсырмасын тексеру
Негізгі бөлім:
1) «Кезбе тілші»(өткен тақырыпты пысықтау) (10 мин)
2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру) (8мин)
3) «Сана аллеясы» (жаңа тақырыпты бекіту) (7 мин)
4)«Пирамида тарихын білеміз бе?» (бейнебаян)(6 мин)
5) «Сиқырлы сандықша» (топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар) (6мин)
6)Кері байланыс(2 мин)
Қорытынды.
1)Үйге тапсырма (2мин)
2)Бағалау.(2мин)
«Кезбе тілші» (өткен тақырыпты пысықтау)
Мақсаты: өткен тақырыпбойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты:Оқытушы студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды,  ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
Көпжақ дегеніміз не?
Қандай көпжақ призма деп аталады?
Призманың жағы, төбесі, қыры дегеніміз не?
Призманыңбиіктігідеген не? 
Қандай призма тік призма деп аталады? 
Қандай призма дұрыс призма деп аталады? 
Призманың бүйір бетінің, толық бетінің ауданының формуласын ата?
Қандай көпжақ паралеллепипед деп аталады?
Қандай параллелепипед тікбұрышты параллелепипед депаталады? 
Тікбұрышты параллелепипедтің үш өлшемі дегеніміз не?
Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналы дегеніміз не?
Куб деген не?Кубтың қандай қасиеттерін білесіңдер? 
Параллелепипед пішіндес денелерге мысалдар келтіріңдер.
2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру)
Мақсаты:Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, математикалық сауаттылығын арттыру.
Шарты:Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіреді, студенттер мұқият зейін қойып жаңа тақырыпты меңгеруі тиіс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Пирамида
Көпжақтардың ерекше қызықты түрінің бірі — пирамида. Пирамида тақырыбын қозғағанда Мысыр пирамидаларын атамай кету мүмкін емес. Олар тек математиктерді ғана емес, сонымен қатар физиктерді, тарихшыларды, т.б. қызықтырып келеді.
Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды. Пирамидаларды дөңес және дөңес емес деп бөлеміз.
Пирамиданың биіктігі дегеніміз — оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр немесе осы перпендикулярдың ұзындығы.


Егер пирамида табаны дұрыс көпбұрыш болып, төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
Дұрыс пирамиданың:
бүйір қырлары тең
бүйір жақтары тең
апофемалары тең
табанындағы екіжақты бұрыштарытең
бүйір қырларындағы екіжақты бұрыштары тең.
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы депоның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табаны периметрінің жартысын пирамиданың апофемасына көбейткенге тең:
17081592710
Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең.
ST6= S66+Smа6
Қиық пирамида
Пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындагы бөлігі қиық пирамида деп аталады.
42862514605

Қиық пирамиданың төменгі және жоғарғы екі табаны бар.
Қиық пирамиданың бүйір жақтары — трапециялар, ал оның бүйір кырлары — осы трапециялардың бүйір қабырғалары.
Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтыгына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігідеп аталады.
Дұрыс пирамидадан алынған қиық пирамиданы дұрыс қиық пирамидадейді.
Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиықпирамиданың апофемасыдеп аталады.
Дұрыс қиық пирамиданың:
бүйір жақтары тең
бүйір қырлары тең
апофемалары тең
әрбір табан қабырғасындагы екіжақты бұрыштары тең
бүйір қырларындагы екіжақты бұрыштары тең.
Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы депоның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табандарының периметрлерінің қосындысының жартысы мен апофемасына көбейткенге тең:
Sб6= 1/2 (P1 + P2 )к
Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең.
ST6= S66+Smа61+Smа62
Дұрыскөпжақтар
Көпжақтардыңішіндедұрыскөпжақтардыңтарихтаалатынорныерекше. Олардыңжақтары — өзаратеңдұрыскөпбұрыштар. Ежелгізаманматематиктерібұлкөпжақтарды зерттеп-үйренугекөпкөңілбөлген. Дұрыскөпжақтардыңсаныбарболғаны — бесеу-ақ. БұлкөпжақтардыежелгіұлыгрекойшылыПлатон (б.з.д. 427—347 жж.) көрсеткен.
35257282402
Көпжақтардыңатауларыдаежелгігрексөздеріменбайланысты, оларжақтарсанынбілдіріптүр. "Эдра" — "жақ" дегенұғымдыбереді."Тетра" -төрт, "Гекса"-алты; "Окта"-сегіз; "Икоса" — жиырма; "Додека" — онекі.
3) «Сана аллеясы»
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша студенттердің алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту.
Шарты: Оқытушы студенттерге математикалық фигураларды ұсына отырып, сұрақ қояды,  ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады. Егер қате болған жағдайда, топ студенттері қатесін жөндеп көмектесуге болады.
4)«Пирамида тарихын білеміз бе?» (бейнебаян)
Мақсаты:тақырыпты өмірмен, тарихпен байланыстыру.
Шарты:бүгінгі тақырыпқа қатысты пирамида тарихынан студенттерге сұрақтар қою, сонымен қатар бейнебаян көрсету арқылы студенттердің білімін жетілдіру.
5) «Сиқырлы сандықша»
Мақсаты: студенттердің білім, іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты:Оқытушы үлестірме материалдарын дайындайды: 3-ші деңгей күрделі есептер (көк жетондармен бағаланады); 2-ші деңгей – орташа есептер (жасыл жетондармен бағаланады); 1-деңгей - жеңіл есептер (қызыл жетондармен бағаланады).
“Сиқырлы сандықшадағы” тапсырмаларды таңдап, студенттер топ болып тапсырманы дәптерге орындайды да, жүйеге сәйкес тиісті бағасын алады. Ойын тақырып бойынша студенттердің алған білімдерін айқындауға, оны пысықтауға мүмкіндік береді.
1-нұсқа
1)Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең.Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.
2)Пирамиданың табаны диагоналі 10 см-ге тең тіктөртбұрыш.
Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13 см.Пирамиданың биіктігін табыңдар.
3)Табаң қабырғалары 10 см және 4 см, ал апофемасы 5 см – ге тең дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
2-нұсқа
1)Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7см-ге тең,ал табан қабырғасы 8см.Бүйір қырын табыңдар.
2)Табаң қабырғалары 7 см және 5 см, ал апофемасы 2 см – ге тең дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
3)Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96 см2 - қа тең, ал толық бетінің ауданы 112 см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.
3-нұсқа
1)Табаң қабырғалары 10 см және 2 см, апофемасы 3 см – ге тең дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
2)Пирамида табаны – квадрат, оның биіктігі табының диагоналдарының қиылысуына түседі. Егер табан қабырғасы 20 дм, ал бүйір қыры 21 дм болса, пирамиданың бүйір бетінің ауданың табыңыз.
3)Пирамиданың табан қабырғалары 12 және 10см болатын тіктөртбұрыш.Ұзындығы 8см-ге тең биіктігінің табаны - тіктөрбұрыштың диогональдарының қиылысу нүктесі.1)Пирамиданың бүйір бетінің ауданы; 2)Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар.
6.«Кім зерек?»
Мақсаты: Жаңа тақырыпты «Кім зерек» ойыны арқылы пысықтау. Бұл ойын студенттердің білімін анықтауға мүмкіндік береді және ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, тапқырлыққа, шапшаңдыққа дағдыландырады.
Шарты: Мұнда 3 студенттер орнында отырып математикалық фигуралармен тапсырманы орындайды, нәтижесін тақтаға келіп баяндайды.
7) Кері байланыс
Қорытынды.
1)Үйге тапсырма
а)§ 6,7,8Тақырыпқа қатысты ережелерді жаттау.
б)№ 6,11 Есеп шығару.
в) Тақырыпқа қатысты математикалық терминдерге ребус, сөзжұмбақ құрастырып келу.
г)Фигуралардың моделін жасап әкелу.
2)Бағалау.