«Ойыншы?тар» ашы? саба?


Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы:Ойыншықтар.Буын.
Мақсаты: а)ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;
ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;
б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру:
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені
1.Сурет бойынша жұмыс
-Балалар, не көріп тұрсыңдар?
-Ойыншықтар.
-Кімде қандай ойыншық бар?
-Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.
2.Сурет сал
Өз ойыншықтарыңның суретін сал
2.Хормен айту:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Солармен ойнап жүремін.

II Негізгі бөлім:
1.Өлең оқу «Менің ойыншықтарым»
Ойыншығым –күшігім,
Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ойыншығым –қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Ойыншығым-қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Ойыншығым-роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.
Ойын:Буындар сыйлығы
Осы ойыншық аттарын буынға бөлу
2.Тіл жаттықтыру:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін бірдей көремін.
Жуындырып,тазалап,
Күтіп ұстап жүремін.
III. Қортындылау:
Сызба бойынша сөйлем құра:

• .

.
-Балалар, бүгін не туралы айттық?
-Қандай ойыншықтармен таныстық?
-Ойыншықтарды неден жасайды?
-Ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?
-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

Сахналау:Ойыншықтар айтысы
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін бірдей көремін.
Жуындырып,тазалап,
Күтіп ұстап жүремін