Сын т?р?ысынан ойлау модулі


Сабақ барысында
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданудың тиімділігі
/мақала/
Орындаған: Ахмедиярова Қ.Қ.
Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау типалогиясын қолданудың тиімділігі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. [3]
Соған орай,білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру  әр ұстаздың мақсаты екені анық. Сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға тәрбиелеудің тиімді тәсілдердің бірі- «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. . Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Сын тұрғысынан ойлау-оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше.Бұған дәлел ретінде өз іс- тәжірибемді мысал етейін:
-Оқушылардың  ерекше қызыға орындайтын  тапсырмалардың  бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп,мәтінді оқи отырып:
-Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар,үзінділер жазады.
-Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады( нені еске түсірді, себеп салдары қандай,қандай сұрақ бар т.б)
Әр оқушы мәтінмен танысып,дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,одан кейін топпен талқылау  ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
      Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға  үйретеді.Мәтінді өз бетінше меңгеруге  жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған  мәтінді түсіну оны түсінікті  етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Сондай-ақ,әдебиет сабағында «Эссе» стратегиясы бойынша «Егер мен жазушы болсам.....» тақырыбында  шығарманы қалай аяқтар едім деп өз ойын жазады. «Эссе» жазу арқылы өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып,оны дәлелдеуге үйренді.
Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда оқушыларға қызықты әдістердің бірі «ыстық  орындық».Әр топтан бір оқушы алға шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді .Кейбір оқушылар рөлге кіріп кейіпкерді сипаттап та береді. «Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қоятындарды да кездестіруге болады.
Оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыратын тәсілдің бірі- “Бес жолды өлең”, “Еркін жазу” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.Сын есімнен өткенді қайталау»  тақырыбында  СТО технологиясына негізделген сынақ сабақ өттім.   “Көрнекілік арқылы баяндау” стартегиясы бойынша 6 класс оқушыларының  топтық жұмысы:  (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып  қорғады).
-«Түртіп алу стратегиясы»  бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен сын есімдерді тез- тез жазып алады.
-«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға сын есім туралы білетіндерін қорытып жазады, соңғы жазған оқушы оқиды.
Зманауи технологияларының қайсысына жүгінсек те өзіндік ерекшелігі бар.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ішкі құрылымының ерекшелігі 3 деңгейден тұратыны.Осы үш деңгейде қолданылатын әдіс- тәсілдер де әр түрлі.Сондықтан мұғалім таңдап алған тәсілді терең зерттеп,өзі меңгеріп барып,қолданғаны дұрыс деп ойлаймын. Сыни тұрғыда ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін өз сабағымда тиімді қолдана отырып мынадай жетістікке жетудемін:
Әдістер мен технологияларды қолданып,жан-жақты дамыта отырып зерттеуді үйренудемін;
Өзіме үнемі ізденіс керек екенін және ойымды жүйелі жеткізуді үйренудемін;
Әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасаудамын;
Тіл байлығын дамыту үшін ,оқушы жауабын соңына дейін тыңдауды үйренудемін ;
Қорыта айтқанда,  оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.