Адамдарды? баспаналары. ?йді? суретін саламыз.


Шағын орталықтың ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы № 5
Айы:Қараша Аптасы: ІІ күні:9
Блок: Заттар әлемі
Апта тақырыбы: Дәмді тағамдар
Білім беру саласы: Қатынас .Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.Құрастыру.
Тақырыбы:»Алма» ертегісі. «Жүзім»
Мақсаты:Балаларды бір-бірін сыйлауға,өзара тату болуға,қолындағы барын бөлісіп жеуге,әділдікке баулу. Жемістерді күтіп-баптауға,қамқор болуға тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:алма-яблока
Көрнекі құралдар:Алма ағашының суреті,қоянның,қарғаның,кірпінің,аюдың суреті.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Балаларды шаттық шеңберне тұрғызу.і Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне алманы беріп,жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Күз айында қандай жемістер піседі?
«Алма»ертегісін балаларға оқып,әңгімелеп беру.
Сұрақтар қойылады.
-Жылдың қай мезгілі еді?
-Жабайы алма қайда қалды?
-Алманы кім көрді?
-Қоян Қарғаға не деді?
-Қарға не істеді?
-Үшеуі қайда барды?
-Аю не деп жауап берді?
-Қандай мақал айтты?
Сергіту сәті
Құрастыру оқу қызметі бойынша жемістердің бірі «Жүзім» құрастырамыз.
Қағаздардың түсін таңдап,қағазды алақан арасына салып, умаждауды көрсетіп,түсіндіру.Оның жұмсақ болуын,домалақ пішінге келтіруге болатынын көрсету.
«Домалақ»жүзімдер дайын болған соң,оны алдарындағы жүзімнің суреті салынған қағазға орналастырады,жүзімнің сабағына,жапырақтарына назар аударады, оның әдем3 болып жасалуына бағыт беру басшылық жасау.
«Жемістер» дүкені ойынымен жалғасады.
Күз мезгілі
Қыркүйек,қазан,қараша
Алма,алмұрт,шие,жүзім.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалардың жауаптары.
Күз мезгілі
Алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты.
Маған алманы үзіп берші!-дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып,алманы үзіп алды.
Аюға барады.
Алманы теңдей бөліп,әрқайсысың бір-бір бөлігін алыңдар!-деді.
«Береке басы бірлікте
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың
Анамызға сыйлайық.
Қимылмен көрсетеді.
Балалар қағаздарды біршеше бөлікке бөліп алып, алақан арасына салып умаждайды.
Дайын болған жүзімдерді белгіленген орындарға орналастырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Балалардың жұмыстарына талдау жасалады,ең жақсы жұмыстар таңдалады.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын бағалайды.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:ертегінің мазмұнын біледі;
Игереді:сұрақтарға жауап беруді;
Меңгереді:умаждау арқылы жүзім жасауды.