Оттегі .Оксидтер.Жану та?ырыбы бойынша ба?ылау ж?мысы


1. Жану теңдеулерін аяқтап, реакция теңдеуін теңестіріңдер:
І нұсқа а) B + O2 = , ә) PbS + O2 = PbO + ... , б) C5H8 + O2 =
ІІ нұсқа а) Cu + O2 = , ә) AsH3 + O2 = As2O5 + ... , б) C5H8 + O2 =
ІІІ нұсқа а) Al + O2 = , ә) Mg3P2 + O2 = ... + P2O5 , б) SiH4 + O2 = SiO2 + ...
2. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеңдер:
І нұсқа Фосфорды жағуға 60,18 кДж жылу бөлінсе, неше грамм оттегі жұмсалғанын есептеңіз, 4Р + 5О2 = 2P2O5 + 3009 кДж
ІІ нұсқа 1,2 г магний жанғанда 30,1 кДж жылу бөлінсе, магнийдің жануының термохимиялық теңдеуін жазыңдар.
ІІІ нұсқа 80г оттегі мен сутегі әрекеттескеде бөлінетін жылу мөлшерін есептеңдер,
2H2 + O2 = 2H2O +570 кДж
3. Формула бойынша есептеңдер:
І нұсқа а) көлемі 6,72 л SO3 -тің массасы мен молекула санын есептеңіз
ә) Аммиак (NH3) бойынша белгісіз газдың салыстырмалы тығыздығы
3 ке тең. Осы газдың молярлық массасын табыңыз.
ІІ нұсқа а) массасы 4,9 г метанның (СН4) көлемі мен молекула санын есептеңіз
ә) қ.ж. ауаның тығыздығын есептеңіз
ІІІ нұсқа а) молекула саны 1,505*1023SO2 -нің массасы мен көлемін есептеңіз
ә) Оттегінің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңыз
4. Көлемдік қатынастар бойынша есептеулер
І нұсқа 15 л аммиак (NH3) алу үшін Н2 мен N2 -нің қандай көлемдері қажет?
N2 +3 Н2 = 2NH3
ІІ нұсқа 2,7 г алюминий су буымен әрекеттескеде түзілген сутегінің (Н2) қ. ж. көлемін есптеңдер 2Al +3H2O = Al2O3 + 3H2
ІІІ нұсқа Реакция нәтижесінде 33,6 л (Н2) қ. ж.бөлінсе, тұз қышқылымен әрекеттескен мырыштың массасын табыңдар Zn + 2HCl = ZnCl2 +H2