Разработка урока «Оттегі .Оксидтер. Жану»


«Оттегі .Оксидтер. Жану»
Сабақтың мақсаты: білімділік: оксидтердің түрлері,аталуы,жану реакциялары туралы
біліктерін қалыптастыру
дамытушылық: ойын элементтерін қолдана отырып ойлау
дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру
тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,рухани азаматтық
қабілеттерін қалыптастыруға,қоршаған ортаны сүюге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту,қорытындылау сабағы
Оқыту әдісі: ұжымдық
Сабақтың жоспары: 1. «Жұбыңды тап»
2. «Мені таңда»
3. «Жұмбақ тізбек»
4. «Миға шабуыл»
5. «Жорға»
6. «Ой-түйін»
Сыныпты 4топқа бөлдім.
І-кезең «Жұбыңды тап»
Тапсырмалар:
1-топқа: Сынап, марганец (IV),мыс (ІІ),күкірт (VІ),хлор (VІІ),темір (ІІ),марганец (VІІ).
2-топқа: Темір (ІІІ), көміртегі (ІІ), магний, мыс (І), кальций,мырыш, литий.
3-топқа: Алюминий, азот (ІІІ), көміртегі (ІV), фосфор (V),күміс, калий, натрий.
4-топқа: Бор, барий, күкірт (ІV), хром (ІІ), хром (VІ), марганец, (ІІ) оксидтерінің формуласын құрастыру.
ІІ-кезең «Мені таңда»
Тапсырмалар:
1-топқа:
P2O5 ,,NаОН ,SO3 , CrO , MgSO4 , MgO, H2 SO4, HCl , CrO3
2-топқа:
KCl, Н2СО3, CаO, Si2 О, Са(OH)2 , СО2 , Fe (OH)3 , BaO, Cl 2 O7
3-топқа:
KOН, BaSO4, CO, HCl , Al2О3 , Na2 O, Н3PО4, FeO, Na2CO3 , CO, Fe2O3
4-топқа:
NаОН, K2O, Na 2 SO4 , BaO, HCl, MgO, K2 SO4 , HgO, P2O5 , HNO3
Бұл кезеңде оқушылар оксидтердің формуласын теріп жазып, аттарын атау керек
ІІІ-кезең «Жұмбақ тізбек»
Тапсырмалар:
1-топқа: 3-топқа:
P→ P2O5 , S→SO2 Al→Al2О3 , Cа→CaO
2- топқа: 4-топқа:
K→K2O , C→CO2 Mg→MgO , Na→Na2O
Бұл кезеңде реакция теңдеуін жазу керек.
IV-кезең «Миға шабуыл»
Тапсырмалар:
1-топқа: K2O, MgO 3-топқа: CO, P2O5
2-топқа: FeO, SO3 4-топқа: CO2, Na2O
Осы оксидтердің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табу керек.


V-кезең «Жорға»
1-топқа:
1.Оттегінің физикалық қасиеті қандай?
2.Өнеркәсіпте оттегіні қайдан алады?
3.Оксидтер деген не?
4.Медицинада оттегін не үшін пайдаланады?
2-топқа:
1.Сұйық оттекті сақтауға арналған ыдыс?
2.Атмосферада оттек бос күйінде қанша % болады?
3.Оттегін ашқан ғалым?
4.Өршіткі деген не?
3-топқа:
1.Табиғатта оттегі неше % болады?
2.Лабораторияда оттегін қайдан алады?
3.Оттегінің агрегаттық күйі қандай?
4.Жану реакциясы деген не?

4-топқа:
1.Сұйық оттегі қайда қолданылады?
2.Өсімдіктер әлемі жыд сайын атмосфераға қанша оттек бөледі?
3.Оттек молекуласы неше атомнан тұрады?
4.Қанша градуста оттегі қатады?

VI-кезең «Ой-түйін»
Бұл кезеңде ортаға тапсырмалар тасталады, әр топтың жетекшісі осы тұрғыда пікірлерін қорғайды.
«Орман-планета өкпесі» деп не себепті аталған?
Жер бетінде орман азайса не болады?
Оттектің адам өміріндегі маңызы қандай?
Өсімдік. Жануар. Оттегі. Қоршаған орта ұғымдарын байланыстыр.
Бағалау: Әр топтың бағалары есептеліп, көп ұпай жинаған топ мадақталады.