?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? карталары


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық карталары
№ 1 технологиялық карта
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе!
Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс- тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог топтағы балаларды амандасу үлгілерімен таныстыру үшін топқа бір үлкен кісіні (тәрбиеші, күтуші) және ересек топтан бір баланы қонаққа шақырады. Ең алдымен үлкен кісі топқа кіріп, балалармен амандасады. Педагог топтағы балаларға үлкен кісімен амандасу үлгісін түсіндіреді. Келген қонақ тағы бір рет балалармен амандасқанда, балалар ол кісіге жауап береді.
Осыдан кейін топқа кішірек бала кіріп, балармен амандасады. Педагог топтағы балаларға өздері қатарлас балалармен қалай амандасатындарын түсіндіреді. Балалар топқа кірген қонақпен «Сәлеметсіз бе!» деп амандасады.
Балалар топқа кірген кішкентай қонақпен «Сәлем!»- деп амандасады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. Балаларға өзара және үлкендерінің айырмашылығын түсіндіреді.балаларды өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын түсіндіреді. Балаларды өзара және үлкендермен амандастырып жаттықтырады. Слайдтағы ата, әже, ұл және қызбен әрқайсысына сәйкес амандасу үлгісін пайдалана отырып амандасады (балалар ата мен әженің үлкен кісілер екенін, ұл мен қыздың өздері қатарлас балалар екенін түсінулері қажет).
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсеңді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Топтағы балалар «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін хормен бірнеше рет қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды. Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді.
Игереді: «Сәлем!» «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін үйренеді.