Саба? жоспары ?йшік ертегісі(Балаба?ша)


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды ауылы «Ақ шағала » балабақшасы МКҚКБілім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Драма
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі
Мақсаты: Балаларды үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру.
Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге баулу.
Көрнекіліктер: тышқан, бақа, түлкі, қоян, аю суреттері және үйшік.
Блингвальды компонент: үйшік-теремок
Сөздік жұмыс: үйшік
Жүрісі:Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?— Мен, шиқылдауық тышқанмын.— Ал мен, бақылдаған бақамын.— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.— Мен,..бақылдаған бақамын.— Ал сен кімсің?— Мен, секеңдеген қоянмын.— Кел, бізбен тұр!Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?— Мен, шиқылдауық тышқанмын.— Мен, бақылдаған бақамын.— Мен, секеңдеген қоянмын.— Ал сен кімсің?— Мен түлкішек-әпкемін.— Кел, бізбен тұр!Енді олар төртеу болады.Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?— Мен, шиқылдауық тышқанмын.— Мен, бақылдаған бақамын.— Мен, секеңдеген қоянмын.— Мен, түлкішек-әпкемін.— Ал сен кімсің?— Мен, сұр қасқырмын.— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.(4-сурет)
Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,
тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?— Мен, шиқылдауық тышқанмын.— Мен, бақылдаған бақамын.— Мен, секеңдеген қоянмын.— Мен, түлкішек-әпкемін.— Мен, сұр қасқырмын.— Ал сен кімсің?— Мен, қорбаңдаған аюмын.— Кел, бізге!Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.— Жоқ, қорықпаңдар.— Жарайды, шық.Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
(5-сурет )
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі.
Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл-күйін меңгереді.
54483012573000
4-сурет
57207810353000
5-сурет
10119824828500
6-сурет