К?ркем ?дебиет : «Т?лкі мен тырна» (орыс халы? ертегісі)


11.01.2016ж
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: тырна, ботқа, құмыра, сорпа, реніш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын педагогпен бірге айтып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме.
-Бүгінгі іс-әрекетімізде орыс халқының «Түлкі мен тырна» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру.
Сергіту сәті:
-Түлкі, түлкі, түлкішек,
Түнде қайда барасың?
-Апамның үйіне барамын.
-Апаң саған не береді?
-Ешкі сауып, сүт береді.
-Сүтті қайда қоясың?
-Тал түбіне қоямын.
-Ит ішіп кетсе қайтесің?
-Таяғыммен ұрамын.
Сұрақ-жауап.
-Қалай ойлайсыңдар, осы ертегіде Түлкі мен тырна бір-біріне қонақжайлылық көрсете алды ма?
Ертегіні тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Балалардың жауабы.
Рефлекциялық-түзетушілік «Қонақ күтеміз» ойыны.
Рөлдік ойын.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлінеді:
1-топ-«қонақтар»
2-топ-«үй иелері»
Үй иелері қонақтарды күтеді.
Ойынға белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қонақты қалай күту керегін.
Игереді: ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрмысына баға беруді, жақсы қасиеттерді.
Меңгереді: қонақжайлылық, сыпайылық туралы түсініктерді.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------