Ашы? саба? Та?ырыбы ?йшік орыс халы? ертегісі


Білім саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ю.А.Гагарин орта мектебі
Шағын орталық тәрбиешісі: Утегенова Гульмира Умирбаевна
Білім саласы: «Коммуникация»
Оқу кызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі
Түрі: Кейіптендіру, ойын сабағы
Мақсаты: балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру.
Білімділігі: достық туралы тусініктерін кеңейту,ертегіні кейптендіру арқылы балалардың әртістік, шығармашылық қабілеттерін шындау
Дамытушылығы: еркін сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін,тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: бір-біріне деген Қамқорлық, сүйспеншілік мейірімділік сезімдерін қалыптастыру
Пән аралық байланыс: сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, сурет.
Көрнекіліктер: мультимедия техникалық құралы,үйшіктің макеты,аңдардың костюмдері, су бояқ, таспалар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Амандасу
Дайындығын тесеру
Жылулық шеңбері:
Балаларды шеңберге тұрғызып төмндегі өлең жолдарын қайталаймыз.
Біз кішкентай баламыз,
Өніп-өсіп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз
ІІ. Жаңа сабақ
Сұрақ –жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру.
- Балалар біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?
- Достық дегеніміз не?
- Достық туралы қандай ертегілер білесіңдер?
- «Үйшік» ертегіде қандай аңдар бар екен?
Ендеше балалар ,аңдар қандай тату болғанын біз кейптендіру арқылы көрсетейік.
Балалар арасында рөлдерді сомдау.
Қатысатын оқушылар:
Тышқан – Жаннұр
Бақа - Рамазан
Қоян – Ақбота
Түлкі – Мейрамгүл
Қасқыр – Ерхан
Аю – Асылхан
Кішкентай үйшік макетін орналастырып балалармен ертегінің қойылымын қоямыз
1.«Жүрекке қамқорлық танытайық!» су бояқпен жұмыс.
Кішкентай жүректің кейіпіне енген Азиза ортаға жылап келеді.
-Балалар қараңдаршы, кішкентай жүрек ренжіп келіпті.Сені кім ренжітті?
-Ормандағы аңдар.
-Жылама жүрегім, біз сені ренжітпейміз! Бәріміз жүректі ортаға алып көңілін көтерейікші!
Балаларды шеңберге тұрғызып «Достық» өлеңін қайталаймыз
Доспен бірге жүреміз ,
Бірге ойнап күлеміз.
Ажырамас іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Балалар біз кішкентай жүрегімізге естелікке біздің жүрегіміздің қандай екенін көрсетіп сурет салып бояп берейік.
Балалар майшаммен ақ қағазға салынған жүректің суретін қызыл түспен бояп жүрктерінің жақсы қасиеттерін атайды.
-Менің жүрегім бауырмал,ақкөңіл,қамқоршы,мейірімді т.с.с.
2.«Кім жоқ?» ойыны
Мультимедиядан балалардың фотолары салынған слайдты көрсетеміз.
-Балалар,мына суретте кімді көріп тұрсыңдар?
-Өздерімізді
-Ал енді көздеріңізді жұмыңдар,мен қазір біреуіңнің суретін жасырамын,сендер кімді жасырғанымды табыңдар.
Балалар жасырған баланы тауып кім жоқ екенін атайды.
Ойынды екі-үш керең ауыстырып қайталаймыз.
3.«Тілек ағашын» жандандыру
-Балалар үйшігіміздің қасына кішкентай шырша шығыпты,тез өсіп кетсін десеңдер,бәріміз жүрегімізден шыққан ақ тілектерімізді айтып әр түрлі-түсті таспаларымызды байлап кетейік.
Балалар таспаларды тілектерін айтып байлайды.

4.«Жұбыңды тап» қимыл ойыны.
Балаларға әр түрлі суреттер бейнеленген карточкалар таратып әуен жібереміз.Балалр ұқсас суреттерді тауып жұбымен билейді.Карточкаларды ауыстырып тұрып ,жұптарын өзгертеміз.
ІІІ.Қорытындылау.
Біз не білдік?
- Дос дегеніміз бір бірімен тату болу.
-Достар бір бірін ренжітпейді
-Біздердің жүрегіміз мейірімді,бауырмал.
Ю.А.Гагарин орта мектебі


Пәні: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі
Тәрбиешісі: Г.Утегенова
2012 жыл