Т?рбие са?аты Аналар асыл жандар.?ыздар ?уырша?тар


Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі
Тәрбие сағатының тақырыбы:


Өткізген: Шакерова Майгуль Жолдыбаевна 2015-2016 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Аналар асыл жандар. Қыздар қуыршақтар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігіменқұштарлығын одан әрі дамыту.Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбелеу.Сабақтың типі: Шығармашылық ізденіс сабағы.. Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.Сабақтың барысы: І кезең ұйымдастыру кезеңі Жүргізуші:- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұғалім сөзі:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
Жүргізуші:Балалар бізге қонаққа қыздар қуыршақтар келіп қалыпты олардың қонақтарға арналған «қуыршақтар» биі бар екен, ендеше бастасам бұрын соны тамашалайық. Рахмет қыздар ендігі қуыршақтарымыз өздерін сайысқа сынамақшы екен.
Ендеше бүгінгі мерекеміз кішігірім сайыс және аналарға арналған мерекелік кеш түрінде өтпек:
Таныстыру
Қол өнер
Сән үлгісі болып үш этаптан тұрады
Бастамас бұрын сайысқа қатысушы қыздарымыздын реттік номерлерін анықтап алайық. Ол үшін бірінші әділ қазы алқаларын таныстырайық. Енді қыздар әділ қазы алқалар алдында жатқан реттік номерлерді қыздар кезекпен алады.
Жүргізуші: Аналар сіздерге арналған Кәусар мен Аянаның әдемі өлең жолдарын қабыл алыңыздар
Анашым!Асыл анам, есіл анам,Елжіреп есіркеймін, есіме алам.Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңдіАқтамасам, боп жүрмін несіне адам.Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,Оқытып кешеу барған хаттарымдыОтырмысың үрпиіп, жаның ашып?Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,Оқуын ұлың жақсы аяқтады.Анашым, білем сені, қарсы емессіңКеттім мен тың даланы оятқалы.Анашым!Қайда жүрсем сен - күш, арым,Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.Қайда барсам, өзіндей қарсы аладыКең байтақ Отанымның кең құшағы.Анашым!Жаратылдың бағыма шынБілемін көңілсізсің, сағынасың.Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.Қапа болма мен үшін, неғыласың...
Ананы сүю
Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын, Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Камқор анаң көз жасын көлдететін.Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.Кім сағынар сендерді келгеніңше, Кұлындарын көзімен көргенінше? Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Келесі ана туралы видеороликті мен асыл жанды аналарымызға арнағым келіп тұр. «Ана монологы».
Енді бірінші этап таныстырудан бастайық.
Жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,Мәпелеп,еркелеттің,аяладыңЛебізіңе алғысты айта келеӘн жырымды қабыл ал аналарым! Дей отырып «Алтын ана» әнімізді қабыл алыңыздар.Рахмет.
Аналар біз оқушылармен сіздерге арнап шығарма жаздық. Уақытымыз аз болғандықтан бәрін емес арасынан таңдап алдым. Соны рұқсат етсеңіздер оқушыларымыз сіздерге арнап оқып берсін!
Ендігі кезекті қыздарымыздың қол өнер байқайық. Қыздар кезекпен қол өнерлерін таныстырады.
Жүргізуші: Балалар аналарымыз орнында отырып қалыпты ғой аналарға ойын ойнатсақ қалай қарайсыңдар. Екі ананы ортаға алып шығып қыздарға аналарды сәндету. Келесі ойын шарларға тапсырмалар ілу,аналарға орындату.
Жүргізуші: Құрметті аналар ұлдарымыз сіздерге өлең шұмақтарын арнағысы келіп тұр, шын ниеттеріңізбен қабыл алыңыздар.
Темірлан:Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақАли:Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.Жанарыңнан көрдім алғаш аспандыЕркелесем, бір өзіңе еркелеп,Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Еркебұлан:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттыңӨміріме нәрін берді ақ сүтің,Кең құшағың аясындай гүл бақтың.Ер жеткізіп елге берген баласын,Ақылдысың, ардақтысың, данасың!Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,Қайратыңнан қайта көрме, анашым
Рамиль:Анам менің, асылым, лағыл әнім,Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,Жұлдызындай көгінде жағыламын.Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, Анам менің, асылым, лағыл әнім
Бахтияр:Анам саған Қозы бағып жүргенде, жаңбыр жауды,Бір тамшысын әкелдім, анам саған! Гүлдер басып кетіпті тау мен бауды,Шоқ гул көтеріп әкелдім анам саған.
М.Алихан:Анам менің аялап, әлдилегенТүн ұйқысын төрт бөліп мәпелегенДәмің кетпес ақ сүтің аузымдағыҚалайша ұмытамын бал татығанАнашым алдыңызда қарыздармынӨтеуден оны ешқашан қарыздармынАнаның баласына махаббатыМәңгілік алаулаған шам-шырағы.
Данияр:Десек те уақытпен жарыспайды,Қиялға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,Өнерін аналарға бағыштайды,-
Жүргізуші: Ұлдарымыздың мұнымен сіздерге арналған өнерлері біткен жоқ, қыздар мен аналарға аргалған тамаша биі бар екен, ендеше ұлдарымыздың «флешмоб» биін қарсы алаңыздар! Рахмет ұлдар енді орындарыңы жайғасыңдар.
Келесі кезек қыздардың «сән үлгісінде». Ендеше қыздар бастайық! Рахмет қыздар, әдеміліктеріне көз тоймайды. Дәл қуыршақтың нақ өзі болыпсыңдар!
Әділ қазы алқалары қорытындылап болғанша балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар.Жүргізуші:Айналайын анашымАялайсың, бағасынСен үшін балаларменӘн шырқайық бәрімізӘн: «Анашым»
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Оқушыларымыздың аналарға шын ниетімен дайындаған сыйлықтары бар.Аналар шын неттеріңізбен қабыл алыңыздар!бәрі сыйлық беріп болған соң ұлдар отырады. Қыздар ортаға шығады.Жүргізуші:Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!Сыйынатын болса өмірде құдірет,Сыйынар ем ана деген тәңірге!Анады да, мені де әлпештеген,Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.Ниетің қабыл болсын, аналарым,Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.Барша ана құтты болсын мерекеңіз,Әрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі береміз.Қыздарды марапаттау.жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскеншеОсымен концертіміз аяқталды.