«К?ктем келді» Балаларды? таби?атта к?ктемде болатын ?згерістер туралы т?сінігін ке?ейту. Балалар?а к?ктем мезгіліні? ауа — райыны?, адамдарды? киімдерінде, ?арапайым таби?и ?згерістерді бай?ау?а ?йрету. Балаларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.


«Балдәурен» ІІ топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Көктем келді»Мақсаты:• Балалардың табиғатта көктемде болатын өзгерістер туралы түсінігін кеңейту. Балаларға көктем мезгілінің ауа - райының, адамдардың киімдерінде, қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қоршаған әлемнің әдемілігі мен оған деген қамқорлық қарым - қатынасқа байланысты мейірім сезім, құмарлық қасиеттерге тәрбиелеу. Балаларға табиғат пен ауа - райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін үйрету. Әдіс тәсілдер: Тәжірибе, құрастыру, жапсыру.Қостілділік компонент: Су - вода, құм - песок, мөлдір – прозрачный
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру-оятушы Психологиялық сәт: «Ауа райы» ойыны:
Күн ұйықтадыКүн ояндыЖел тұрдыБұлт шатырладыЖаңбыр жаудыЖаңбыр басылдыКүн ашылды Балалар алақандарын түйістіріп, бір біріне жылу таратып, күлімсірейді
Ұйымдастырушы-іздеуші
Ғажайып сәт: үстел үстіндегі «Сыйқырлы қақпалардың» пайда болғанын көріп, оның қалай пайда болғанын іздеп, бұрыштан жабулы тұрған заттың бетін ашып балалардың назарын аударып, астынан хат пен сыйқырлы таяқшаны табу. Хаттың «Табиғат анадан екенін, бірнеше тапсырмалар берілгенін, оны орындаған кезде қақпалардың ашылатынын хабарлау. Қақпалардың қола, күміс, алтын екенін айту.
I тапсырма:1) Жылдың қай мезгілі?2) Көктем мезгілінде ауа - райы жылып, күн несін шашады?
-Дұрыс балалар, енді күн сәулесімен жапсырып қояйық. Аяжан, тақтаға шығып жапсыр.
3) Қар еріп, жер кеуіп, жерге нелер шыға бастайды?
Али, Кайсар, Нурай тақтаға шығып жапсырып қойындар.4) Жылы жақтан не ұшып келеді?
Ақбота, Меруерт құстардың суреттерін жапсырыңдарМіне балалар сендердің көктем мезгілі туралы берген жауаптарыңа, «Табиғат ана»риза болып өзінің қола қақпасын ашады деп, - таяқты тигізіп, қақпаны ашу.II тапсырма:Қола қақпанын ішінен конвертті алып, оқып, «Табиғат сыйы», табиғат дегеніміз не? – деген балалардың жауабынан (аспан, ай, күн...) кейін, міне балалар осындай әсем табиғатты жақсы көріп аялау керек. Осы табиғаттың бір түрі сумен тәжірибе жасаймыз. Ол үшін судың түрлерін атаумыз керек. Судың түрлері(тұман, жаңбыр, қар, мұз, шық) Міне сендердің алдарында су, құм тұр. Бүгінгі оқу іс - әрекетінде таза судың қалай ластанатынын бақылаймыз. Су - вода, құм - песок, мөлдір - прозрачный.1) су қандай?2) судың түсі барма?3) Құмды суға салғанда, су қандай күйге айналады? Балаларға «Өзен жағалауына»барып көктемгі табиғатты, өзендегі суды бақылауға баратындарын айтып, көздерін жұмғызу, автобуста дем алып кейін, көздерін ашып, автобустан түсулерін айту. Өзендегі көңілсіз жағдайды көріп, оның айналасындағы қағаз, қоқысты жинатып, уақ тастарды тәжірибе жасауға жинап алуларын түсіндіру.Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үлкен болып өседі.
Жаңа оқу іс әрекетін нығайту.Көктемгі табиғатты қима суреттер арқылы құрастырып, күміс қақпаны ашу.III тапсырма: табиғатты аялап, ондағы тіршілікті бүлдірмеу үшін тыйым сөздер айтқызу. «Көктемгі бақбақтар» әдемі гүлдерін жапсыртып, ұжымдық жұмыс жасату, көктемнің алғашқы гүлдерін атау, тақпақтарын айту. «Табиғат ана»ризашылығын білдірді деп, - алтын қақпаны ашу. Алтын қақпа ішінен, алтын сандық шығару.IV тапсырма:Алтын сандық ашылу үшін білетін ертегілердің аттарын ататқызып, сандық ішіне жұмыртқаны шығарып, балапанды көрсетіп, «Табиғат сыйы» дегеніміз осы деп, оқу іс- әрекетін аяқтау. -Көктем мезгілі
-Күн нұрын шашады
-Аяжан күннің суретін жапсырады.
Жер көктейді, гүлдер шыға бастайды.
-Балалар жапсырып қояды
- Жылы жақтан құстар ұшып келеді
- Қыздар жапсырады
-Су мөлдір
- судың түсі жоқ
-балалардың жауабы
Орындайды: тапсырманы дұрыс және таза орындайды
Түсінеді: көктемнің өзгерістірін
Қолданады: сұрақтарға нақты, толық жауап беру.

Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Сергазина Н.М.
.

Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені КММ
2016 ж