«Темекі тарт?аны? — ?зі?ді ??рт?аны?» 6-сынып ашык сабак


«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.Тәрбие сағатының түрі: ПікірлесуКөрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.Барысы: І. Ұйымдастыруа) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуыб) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аударуІІ. Кіріспе бөліміЕгемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.Салауатты өмір салты деген не?1. Спортпен шұғылдану2. Күн тәртібін ұстау3. Жеке бас гигиенасын сақтау4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуденІІІ. Негізгі бөлім1. Никотиннің зардаптарыБір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен. Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда. Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген. Темекінің зияны туралы не білеміз?Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.5 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы,384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.Көрініс «Зиянды әдеттер планетасы»2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.ІІІ. Оқушылар пікірлері1.- Балалар, қалай ойлайсыздар адамдар зиян екенін біле тұра неге темекі тартады?2. Қыз балалар арасында темекіге әуестікке ойларыңыз?ІV. ҚорытындылауОқушылар пікірлерінің қорытындысы: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет.
«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның!»
6-сынып
Дайындаған: Джагапаров Р.Е.
Алакөл 2016 жыл