Натрий ж?не оны? ма?ызды ?осылыстары, ?асиеттері, алынуы ж?не ?олданылуы (8 сынып)


Сынып 8.
Мерзімі:14.04.2016ж.
Сабақ№ 57.
Сабақтың тақырыбы: Натрий және оның маңызды қосылыстары,қасиеттері,алынуы және қолданылуы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды сілтілік металдар және оның қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: математика, биология, экология.
Көрнекіліктері: оқулық, периодтық жүйе.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Химиялық элемент құрамы Э2О оксид түзеді,оның молярлық массасы 94г/моль.Осы элементті анықтап,оған тән қасиеттерді атаңдар.
III. Өткен сабақты бекіту.
Металдар Бейметалдар Химиялық қасиеттері
IV. Мақсат қою кезеңі: Сілтілік металдар қосылыстарына жалпы түсінік беру.Табиғатта таралуын және қолданылыуын жетік меңгеруге ой-өрістерін дамыту.Химиялық,физикалық қасиеттерін білуге,білімділікке тәрбиелеу.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%82%D0%B8%D0%B9" \o "Литий" литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған . Натрий мен калийді 1807 жылы Г. Дэви ашқан.Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na2CО3 • 10Н2О - сода; Na2SО4 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек. Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады. Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан. 2311Na ядросында 11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11, нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы; ls22s22p63s1, валенттілік электроны - 3s1. Натрий үнемі I валентті, тотығу дәрежесі 0, +1.Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.
Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:
Na0 - е —> Na+ Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2
Na2O Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.
Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.
Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.
Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;
Тұздармен реакцияласуы:
a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3У
ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20
в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 У+ 2NaCl
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.
VІ. Сабақ бойынша түсінігін тексеру.
Сұрақ Жауап
Натрийдің таңбасы қандай? Реттік номері нешінші? Атомдық массасы қанша? Натрий нешінші топта орналасқан? Натрий нешінші периодта орналасқан? Неше валентті? Тотығу дәрежесі? Металл ма, әлде бейметалл ме? VІІ. Бекіту:
Реакция басы Реакция нәтижесі Реакция қандай типке жатады?
Na+SNa+2H2 O 2NaCl→ NaOH+HCl2NaOH+CO2 2NaOH+CuSO4 Na+Cl2 Na+O2 Айналымдарды жүзеге асырNa→Na2O→ NaOH→NaCl Ca→CaO→ Ca(OH)2→ CaSO4
K→ K2O → KOH→KNO3 Li→ LiOH → LiCl → LiNO3
VIІІ. Үйге тапсырма: - оқу,сұрақтарға жауап беру.Бағалау.