Урок по химии на тему Атом ??рылысы ж?не Д.И.Менделеев жаса?ан химиялы? элементтерді? периодты? ж?йесіндегі орны бойынша элементті? ж?не оны? ?осылыстарыны? сипаттамасы


Күні 01.03.14ж
Пәні: Химия
Сабақ № 59
Сыныбы 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: §59. Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық элементтердің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын,олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетімен қолдана білуге тарбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элементтермен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.Танымдық біліктерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру, сұрақ-жауап
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: физика, биология, математика
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, бор, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасы (7 минут)
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (23 минут)
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10минут)
V. Бағалау (2минут)
VІ. Үйге тапсырма (1минут)
YII. Қосымаша мағлұматтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Сәлеметсіздер ме оқушылар?
Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа дайындаламыз (оқушылардың назарын сабаққа аудару)
Сабақты бастаймыз
Үйге берілген тапсырманы орындадық па? Жазбаша тапсырмаларды тексерем, түсінбеген жерлерімізді сабақ барысында қайталап түсіндіріп өтем. «Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда білім.»
Л.Толстой.
ІІ. Үй тапсырмасы: § 58. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық жүйенің құрылымы. 6-8 жаттығулар
№6 (159 бет) Реттік нөмірлері берілген элементтердің пеиодын,қатарын,тобын анықтаңдар.
І топ: 7,12 ІІ топ: 17,23 ІІІ топ: 30,35.41
№7 Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңдар: бор,бериллий,көміртек,литий С→В→Ве→Lі
№8 Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор
Оқушылар енді өткен сабаққа қысқаша шолу жасайық. Қане өткенді есімізге түсіріп ойымызды қозғайық.
1.“Ой қозғау” сұрақтары
1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі көлденең қатар қалай аталады?
2.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі тік жатқан қатар қалай аталады?
3.Периодтық заң дегеніміз не?
4.Изотоптар дегеніміз не?
5.Атом құрылысының моделін ұсынған кім?
6. Атом ядросының құрамы.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Күннің жадысын және тақырыпты жазайық.
Бірінші периодтық жүйенің құрылымы туралы айтсақ. Периодтық жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашты.Периодтық жүйеде 7 период,10 қатар, 8 топ бар. Период бойынша металдық қасиет әлсіреп,бейметалдық қасиет күшейеді. Топ бойынша металдық қасиет күшейіп, бейметалдық қасиет әлсірейді.
Период пен топтың жіктелуі мен қасиеттерінің өзгеруі
Период

Үлкен Кіші
Белгілері Периодтар
кіші үлкен
Период нөмірлері 1,2,3 4,5,6,7
Элемент саны 2 және 8 18 және 32
Қатар саны бір екі
Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады. Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады.  Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.
Период бойынша элементтер қасиеттерінің  өзгеру ерекшеліктері Металдық қасиеті тез кемиді Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)
Топ
Негізгі Қосымша
Қасиеттер Өзгерістер бағыты  
Негізгі топшада Периодтарда
Металдық өседі ↓ өседі ←
Бейметалдық өседі ↑ өседі →
Оттек бойынша валенттігі тұрақты,топ нөміріне сәйкес 1-ден 7-ге дейін өседі
Сутек бойынша валенттігі тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең 4-тен 1-ге дейін кемиді
Ядро заряды өседі ↓ өседі →
Салыстырмалы атомдық массасы өседі ↓ өседі →
3. Периодтық жүйені атом құрылысында сипаттау
Химиялық элементтердің
периодтық жүйесі Химиялық элементтердің
атом құрылысы
Элементтердің реттік нөмірі
Период нөмірі
Топ нөмірі Ядроның оң заряды, протондар және электрондар саны
Электрондық қабат саны
Сыртқы қабатағы электрон саны (негізгі топша үшін)
4. Химиялық элементке сипаттама
Калий элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы
1.Химиялық таңбасы, аталуы К, калий
2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы К- ІV үлкен периодта, І негізгі топша
рет саны 19, атомдық масса 39г
3. Атом құрамы, құрылысы
19p6 20 n, 19e + 19 ) ) ) )
2 8 8 7
4. Қасиеті К – металл, вал. І
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы К2 О , КОН

Тақырып түсінікті болса оқулықпен жұмыс жасайық (161 бет)
І оқушы №3 Белгісіз химиялық элемент атомының үш электрондық қабаты бар. Оларда )2)8)6 электрондардың орналасуын біле отырып,элементтің периодтық жүйедегі орнын, қасиетін,оксидінің,гидроксидінің,ұшқыш сутекті қосылысынң формуласын анықтаңдар.
S, ІІІ период, 3 қатар, 6 топ, бейметалл, SO3, H2SO4, H2S
ІІ оқушы: №4 3-периодта орналасқан элементтің жоғары оксидінің құрамы: R2О7 осы элемент қай топта және топшада орналасқан?Оксидінің қасиеті қандай?Ұшқыш сутекті қосылысының формуласын жазыңдар. СІ –хлор, 7-топ,негізгі, СІ2О7, НСІ
ІІІ оқушы: №5 Sе элементінің жоғары оксидінің құрамы мен қасиетін анықтаңдар. Оның қасиетін сипаттайтын реакцияның теңдеуін жазыңдар. SеО3 , SеО3+ Н2О→Н2SеО4
“ Менің мекен жайым қандай?”
Кесте бойынша сол элементке сипаттама беріңіз.
І топ: Темір ІІ топ: Мыс ІІІ топ: Кремний
1.Химиялық таңбасы, аталуы
2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы

ІV. Жаңа сабақты бекіту «Ой-түйін» (сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз)
Периодтық жүйе қай жылы ашылды?
Периодтық жүйені кім ашты?
Неше период бар,жіктелуі?
Неше топ бар,жіктелуі?
Период нөміріне қарап нені анықтаймыз?
Реттік нөміріне не сәйкес келеді?
Нейтронды қалай анықтаймыз?
Металдарға қай элементтер жатады?
Бейметалдарға қай элементтер жатады?
Металдық және бейметалдық қасиет қалай өгереді?
V. Бағалау. Үй тапсырмасы, өткен тақырыптар бойынша қойылған сұрақтар арқылы, жаңа сабақ барысында оқушылардың түсінігін зерттеп тапсырмалар мен жаттығулар беру арқылы бағалау
VІ. Үйге тапсырма. §59. Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы
Кез келген 5 элементке сипаттама беру, 161 бет, №6,7 есеп
YII. Қосымаша мағлұматтар:
Өткен тақырыптар бойынша элементердің қосылыстарына есептер шығару.
1)240г магний металы күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемін есепте (қалыпты жағдайда)
2) К→ К2О → КОН →К2SО4
3) 4г кальций металы тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын
есепте.
4)Ва →ВаО →Ва(ОН)2 → ВаСІ2
5) 2,7г алюминий металы тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін тұздың
массасы қандай?
6) АІ→ АІ2О3 → АІ(ОН)3 →АІ(NО3)3
«Сәйкестік тесті»
Галогендер Sі,Р,С
І валентті элемент Мg,Ca,Sr
Бейметалдар Na,Li,K
Сілтілік жер металдар N,As,P
Инертті газдар Br,CL,I
R2О5 қай элементтер Ne,Ar,Kr