К?кірт ж?не оны? т?здары


«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Химия пән мұғалімі: Сәнтәй Мангінұр
9- сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы және оның тұздары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға күкірт қышқылы және оның тұздары туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларда практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :
Көрнекілігі: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, реактивтер.
Сабақтың барысы:
« Сәлем – сөздің анасы»  (Ұйымдастыру  кезеңі)
Оқушылармен амандасу , сынып оқушыларын түгендеу . Оқушылар  назарын сабаққа аудару.
Бір кездерде химия патшалығында Су ханшайымы мен күкірт алты валентті ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы куанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді.  Медбике келіп ұл деп көк лентаны таққанда бірден қызарып кетті. Яғни дүниеге ұл бала емес қыз бала келгенін  белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, әкесінің аты Күкірт екен. Сонда балалар қалай ойлайсыңдар Қыздың тегі қалай болады екен?
«Қайталау — оқу анасы»
1.Танымдық сұрақтар:
Күкірттің периодтық жүйедегі орны қандай?
Күкірт қандай оксидтерден тұрады?
Күкірттің оксидтері қандай оксидтердің тобына жатады?
Әрбір оксиді сумен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзеді?
Күкірт оксидтерінің тотығу дәрежесі қандай?
Күкірт тотықтырғыш па әлде тотықсыздандырғыш па?
Реакция теңдеуін жазып, теңестіріңіз
 Zn → ZnS → H2S → SO2 → SO3
Күкірттің қолданылуы4. Күкірт қышқылының физикалық қасиеті
Жаңа сабақ
Күірт қышқылының формуласы және құрылымдық формуласы:

Проблемалық сұрақ: Беті ашық күкірт қышқылын ауада қойсақ, біраздан кейін өз-өзінен ыдысынан асып төгіліп жатады, бұл не үшін деп ойлайсыздар?
Химиялық  қасиеттері:
1. Сілтілермен және ерімейтін негіздермен:
2KOH + H2SO4  → K2SO4 + 2H2О
Cu(OH) 2  + H2SO4  → CuSO4 + 2H2О
Негіздік және оксидтермен
H2SO4 + CuO → CuSO4 + H2О
ZnO + H2SO4 → ZnSO4 + H2О
Кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттеседі:
Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2 ↑
Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары сульфаттарға анықтағыш реактив болады.
H2SO4 + BaCl2 = 2HCl + BaSO4↓
Күкірт қышқылының тұздары:
Қөп қолданылатын тұздар: натрий сульфатының кристалгидраты Na2SO4* 10H20, оның минералын мирабилит деп атайды. Ол тұз мединицада дәрі ретінде - «глаубер тұзы»  деген атаумен қолданылады.
Тотияйын, яғни мыс кристалгидраты  CuSO4 * 5H2O  - жасанды жібек, талшық алуға, өсімдік зиянкестерімен күресуге қажет.
Тотиайын (chalcanthite): Тотиайынның көкшіл мөлдір түстісін дəріге істетеді. Күкірт қышқыл мыспен реакцяластыру арқылы да болады. Қасиеті – дəмі ащы, қышқыл, уытты болып, құстыру, шіруден сақтау жəне у қайтару рөліне ие. Емдік қасиеті мен қолдану əдісі:(1) Теміреткіге: бидайдай тотиайынды кесеге салып сүт құйып ерітеді. Залалсызданған инемен теміреткенің айналасын шабақтап, қанды сарсуын ағызып, сүртіп – тазалапалыпдəрініжағады. Күніне 2 -3 реттен.(2) Бадамша бездің шұғыл қабынуына: тотиайыннан 7 гр, жібек құрты қауашағынан (қуырылған) 15 гр- ды талқандап, талқан-нан аздап жұтқыншаққа қарай үрлейді( сілекейді жұтуға болмайды).
(3) Уытты жарақаттың ауруы шықпай сыздап ауырғанға: тотиайыннан аздап торғайдың саңғырығына қосып талқандап, су құйып араластырып дəкіге салып жараға тартып тастайды.(4) Құтырған ит қапқанда: тотиайынды ит қапқан жерге салады.(5) Көтеуге: күйдірілген тотиайыннан аздап балға араластырып, жарақатқа жағады.(6) Трахомаға: күйдірілген тотиайыннан 0.02 гр алып азырақ су құйып ерітіп, сүзіп, суын көзгетамызады. Қазақ медицинасында тотиайынмен мұрынның түймелерін атады.(7) Құстыруға: тамақтан уланғанда құстыруға тура келгенде тотиайыннан 0. 5 гр- ды 50 мл суға ерітіп, əр 10 минутта бір қасықтан ішкізсе болғаны.(8) Құлыққа, құртжеген тіске: азырақ тотиайын істетуге болады.10.2. Қолдану мөлшері: ішкізуге 0.3 -0.6 гр,  сыртқа лайықты мөлшерде істетеді .10.3. Көңіл бөлетін істер: тотиайын улы, ішкізгенде мөлшерін қадағалау керек. Өйтпегенде уланып қалуы мүмкін.
Күкірт қышқылының қолданылуы

Бекіту сұрақтары:
Күкірт қышқылының қандай физикалық қасиеті бар?
Күкірт қышқылымен жұмыс істегенде неге көңіл бөлу керек?
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері қандай?
Күкірт қышқылының тұздарын қалай оқимыз?
Күкірт қышқылын анықтаудағы сапалық реагент?
Массасы 5,6 г калий гидроксидін бейтараптауға қажет күкірт қышқылының массасын есептеңдер?
«Бас бармақ» тәсілі
Барлығын түсіндім

Енді түсініп келемін

Бағалау
Үй тапсырмасы . күкірт қышқылының өндірісі туралы ізденіс жасау