Сыныптан тыс шара. Ертегілер елінде


Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ертегі туралы түсінік беру, кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Керекті көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреті, дорба, ертегі кейіпкерінің екі түрлі суреттері, құрастыратын суреттер.
Барысы: Шаттық шеңбері
Саяхат жасау
Мұғалім: Балалар, әуелі біз дөңгеленіп, біріміздің қолымыздан біріміз ұстап, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз хормен қосылып айтайық: Армысың құдіретті Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана, Армысыздар келген қонақтар, Армысың менің жан досым.
-Балалар, бүгін бізде сыныптан тыс жұмыс, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.)
«Ойшылдар» аялдамасы
Мұғалім: Балалар біз «Ойшылдар» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен. Ішінде не бар екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз
Мұғалім: Олай болса Әсел кел, қарашы, ішінде не бар екен?
Балалар: Суреттер
Мұғалім: Ия, дұрыс айтасыңдар. Бұл жай сурет емес, ертегі суреттері. Бұл қай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Шалқан ертегісі.
Мұғалім: Дұрыс. Біздер шалқан ертегісін білеміз бе?-Ендеше бізге Борис айтып берсін.
«Тапқырлар» аялдамасы
Мұғалім: Енді біз «Тапқырлар» аялдамасына келдік. Жарайсыңдар, сендер енді ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия
Мұғалім: Біз қазір «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаймыз. Ойынның «шарты: екі ертегідегі кейіпкердің суреттері берілген, сол екі суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу керек.
-Жарайсыңдар. Бұл ойынды жақсы ойнадыңдар. Пойызымызға мініп, саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. «Сергіту сәті»аялдамасына кедік.
«Сергіту сәті»аялдамасы
Ал, балалар қараңыз
Таңғажайып бар аңыз
Ертегілер еліне
Қыдырып бірге барамыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.
«Құрастыру» аялдамасы
Мұғалім: Біздер енді қиылған суреттерден ертегі құрастырамыз. Ертегінің атын табамы.
Балалар біз келесі аялдамада ертегілерден үзінді оқимыз. Үзінді қай ертегіден алынғанын тауып, әрі қарай жалғастырасыңдар.
«Кім шапшаң» аялдамасы.
Енді не қыламын?-деп бара жатса, бірін қазып жатқан тышқанды көреді. Ол тышқанды бас салады.
-Жаның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.
Тышқан қорыққанынан:
-Үйімде бір уыс тары бар,-дейді.
Ол: -Маған бір уыс тары бер бер,-дейді.
-Бұл қай ертегіден алынған балалар?
Балалар: «Мақта қыз бен мысық»
Үшінші рет салғанда, түсті, әйтеуір бір балық. Балыққа тіл бітіп: «Жібер мені қарт, еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айт»,-деді.
Балалар: «Алтын балық»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ертегінің жалғасын таптыңдар. Саяхатымыздың соңғы аялдамасына келіп тоқтаймыз. Балалар, енді біздер бұл аялдамада «бауырсақ» ертегісін сахналаймыз.
«Ертегілер» аялдамасы.
Көрініс «Бауырсақ» ертегісі. (Балалар бауырсақ ертегісін сахналайды)
Мұғалім: Балалар өте тамаша, сіздер бүгінгі сыныптан тыс жұмыста белсенді болып, барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.
Осымен бүгінгі «ертегілер елінде» атты сыныптан тыс жұмысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!