АШЫ? САБА? ч,щ дыбыстары


Тақырыбы: Ч, щ дыбыстары
Сабақтың мақсаты: ч,щ дыбыстарының дауыссыз дыбыс екендігін, орыс тіліндегі сөздерде кездесетіндігін, оның айтылу және жазылу ерекшелігін таныту;
Оқушылардың ойлау ,есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту,өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; Сауаттылыққа, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,үлестірме қағаздар,кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу тексеру, оқу. Ең дұрыс тізбекті мадақтау. Қиын сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ч дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ч мен Щ ұқсайды ма?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: Кіріспе. Тақтадағы 4 бөлікке бөлінген жасырын суретті табу, әр бөліктің сұрағына жауап береді. Екі сурет шығады чемодан щетка
-Осы сөздер қай әріптен басталады? –Ч,щ қандай дыбыстар?
а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрау: щи, чемпион, щетка, чек, карточка, плащ. Бұл сөздердегі ч, щ дыбыстары дауысты ма, әлде дауыссыз ба? Неліктен? Ауызша сөйлем құрау. Қоршаудағы ережені оқу, талдау, есте сақтау.
ә) дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
2-жаттығу мақалды мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Дәптерге көркем етіп жазу. 3-жаттығуды терме диктанты ретінде жазу. Сөйлемдерден ч және щ дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау. 5-жаттығу ч, щ әріптерін қойып, сөйлемді көшір, сол сөздермен бірнеше сөйлем құрап жаз. 6-жаттығу . Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту, ащы , ашшы сөздеріне сұрақ қойдыру, қатыстырып сөйлем құру. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
7-жаттығу. Картадан Чукот түбегін көрсету, мәтінді түсініп оқыту, талдау,ч әрпі бар сөздердің астын сызу, жазылуын есте сақтау. Алғашқы екі сөйлемді жазу.
Сергіту жаттығуы. «Шөжелерім» әні.
ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу «Кім зерек?» ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. Щ: щи, ащы, тұщы, щетка. Ч: чек, Чукот, чемпион, чекис.
ҮІІ. Қорытындылау. - Балалар, бүгін біз не үйрендік? - Ч,щ дыбыстарына байланысты қандай өлең жолдарын, тақпақтар білесіңдер?
Почташы ,Почташы!
Біздің үйге тоқташы!
Щетка деген ғажап-ақ
Щетканы әжем мақтайды.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, «Щетканың пайдасы» тақырыбына әңгіме жазу.
ІХ. Оқушыларды бағалау.