Жазбаша ?осу ж?не азайту математика 2 — сынып


Тақырыбы:  Жазбаша  қосу  және  азайту
Мақсаты:  а) Оқушыларға  сандарды    жазбаша  қосу  мен  азайтудың  тиімді тәсілдерін  меңгерту. Екі таңбалы сандарды қосу, азайту алгоритмінің айрықша кезеңдерін бөліп көрсету. Әр санның ондықтары мен бірліктерінің қандай цифрлар көрсететінін, жазылу ретін анықтау.
ә) Оқушылардың логикалық  ойлау қабілеттерін,  матеметикалық  тілін, шығармашылық  қасиеттерін  дамыту.
б)  Ұқыптылыққа,  шапшаңдылыққа  тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үлестірмелі карточкалар, АҚТ, пішіндер.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,  талдау,  салыстыру,  ажырата  білу,  ойлау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық:
Көңіл күйлерін қалай?
Керемет! (Қолдарын көтереді)
Сабаққа дайындықтарын қалай?
Тамаша! (Алақандарын соғады)
Ынталарын ше?
Ғажап! (Қолдарын көтереді)
Ендеше бастайық
О-О-О (Бас бармақтарын көрсетеді)
ә) Балалар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- 4 оқушыдан сұраймын. Ереже айтылады.
«Ұтыс кімге бұйырады!» № 5, 143бет
76-36 42+35 94-52 31+42
85-32 37+41 56-24 81+17
Смайликтер арқылы бағалау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Өткен сабаққа шолу. Не білеміз?
Суреттегі  фигуралар  қалай  аталады?

І. Үшбұрыштың қабырғалары: 2см, 4см, 2см;
ІІ. Шаршының қабырғасы: 2см;
ІІІ. Тік төртбұрыштың қабырғалары: 2см, 4см;
Осы фигуралардың периметрлерін табыңдар:
Р =2см + 4см + 2см= 8см. Р= 2см+2см+2см+2см=8см. Р= 2см+2см+4см+4см = 12см
Смайликтер арқылы бағалау.
67 санында неше ондық, неше бірлік бар?
Екі таңбалы санды қосу және азайтуды орындау.
72+24 = (70+20)+ (2+4) =96 96-72 = (90-70) + (6-2) = 24
Смайликтер арқылы бағалау
ІІІ. Жаңа  сабақ:  Жазбаша  қосу  және  азайту.
Ендеше, балалар  бүгін  біз  осы  екі  таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  және  азайту тәсілдерімен  танысамыз.  (тақтадағы  кестеге   мұқият  назар  аударамыз.)
           Ондық                Бірлік
           4                   5
           2                   3
Екі  таңбалы  сандарды  кестеде  көрсетілгендей,  жазып  қосқан   қолайлы.
          Онд.             Бірл.
              6                 8
              2                 3
 
Бұл     «баған»   түрінде  қосу  және  азайту.
ІҮ. Математикалық диктант.
Ондығы 3, бірлігі 6 болатын санды жаз. (36)
16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр. (( 16-8) +7)
66 мен 26-ның айырмасы (66-26)
40 пен 30-дың қосындысын 8-ге арттыр. ((30+40) +8)
80 мен 50-дің айырмасынан 10санын кеміт. ((80-50)-10)
Смайликтер арқылы бағалау
Ү.Сергіту  сәті.
ҮІ.«Кім шапшаң?»   Баған түрінде жазып, орында!
І –қатар ІІ-қатар
 42+27              45+34              
69 – 42              79-45               
88-71 71+18
Смайликтер арқылы бағалау
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс:
№4. А) 5+3=8 және 4+2=6 теңдіктерін пайдаланып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады? Осындай бірнеше қосынды жаз. Олардың мәндерін тап.
Мысалы: 54+32.
5 онд.+3 онд. 4бірл. +2 бірл.
Смайликтер арқылы бағалау
ҮІІІ. Қорытындылау:
Сабақ ұнады ма?    
Нені үйрендік?     
Не білдік?
ІХ. Үйге тапсырма:
№ 3, 145 бет
Х. Бағалау.
ЖББ Крутой негізгі мектебі

Математика
(2 - сынып)
Бастауыш сынып мұғалімі: Г.А. Мамбетова


2016-2017 оқу жылы