саба? жоспары: Кел, балалар, о?ылы?! 3 сынып


Сынып: 3
Күні: 24.04.14
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық!
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерің кеңету,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
2. Мақал- мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, фронталдық сұрау
Сабақтың көрнекілігі: үйшік, карточкалар, Блум текшесі, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Күн шығады әнімен,
Қайырлы күн!
Теңізде толқын толқиды,
Қайырлы күн!
Көтерілді ақ бидай,
Қайырлы күн!
Қайырлы күн, көк аспан!
Қайырлы күн, жер ана!
Қайырлы күн, достарым!
2. Сабаққа дайындығын тексеру
3. Ауызекі сөйлеу
ІІ. Үй жұмысы тексеру
Фронталдық сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз біз осы өлеңнен бастаймыз;
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

Если будете учиться, дети.
Свет, как в светильниках, зажжется.
Все желания ваши Без поисков сбудутся...
Давайте, дети, учиться.
И выученное в памяти Внимательно закрепим!
Осы өлең не туралы?
Сіз оны қалай түсінесіз?
Бүгінгі біздің тақырыбы қандай болады?
Дұрыс,бүгін біз білім, мектеп туралы біліміздері бекітеміз.
Қазір біз екі топқа бөлеміз: 1 топ – алғырлар, 2 топ – білгірлер.
Екі тобына үйшіктерді беремін, үйшік шатырына түрлі оқу құралдары іліуліп тұр. – Балалар, бұл қандай ғимарат? – Дұрыс ол – мектеп. Құралдары қайталаймыз.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмысы.
-көркем жазу минуткасы;
-«мектеп»сөзі тәуелденіп жазу;
3. Блум текшемен жұмыс. (жауаптары дәптерге жазамыз)
4. Сөздермен жұмыс. Керекті сөзінен «мектеп» тақырыбына келетін сөздер үйшік ішіне салу.
ІҮ. Рефлексия
«Мектеп» тақырыбына синквейн жасау.
Ү. Сабақтың қорытындылау
- Бүгін біз не істедік?
- Сіздерге сабақ ұнады ма?
ҮІ. Бағалау. Үйге тапсырма беру
«Мектеп» тақырыбына диалог құрау