Б?рышты? т?рлері. ?шб?рышты сыз?ыш.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәні: математикаСыныбы: 5 «В»
Ұйымдастырушы: Бегейбаева Сымбат Жарықызы
Өтілген мерзімі: 23.10.2015ж
Тақырыбы:
Сабақ №45
ІІІ тарау. Геометриялық фигуралар. Формулалар.
Бұрыштың түрлері. Үшбұрышты сызғыш.
Сілтеме:
5-сыныпқа арналған «Математика 1» оқулығы, Алдамұратова Т.А. Байшоланова Т.С. Алматы «Атамұра»-2015
Сабақтың мақсат міндеті:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, геометриялық фигуралар ұғымын кеңейту, геометриялық фигуралармен таныстыру.
Оқыту нәтижелері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену
Оқуды және оқыту үшін бағалау
Жаттығулар:
464; 465(1); 467(1); 468; 470; 472 бұрыштардың градустық өлшемі бойынша қандай бұрыш екенін анықтау
Тапсырмалар:
465(2); 466; 467(2); 469; 471 бұрыштардың градустық өлшемі бойынша қандай бұрыш екенін анықтау
Блум таксономиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім
Оқытылып отырған оқу материалдарын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. Оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар беру
Үй тапсырмасын айтады. Берілген сұрақтарға қабілетіне қарай жауап береді.
Түсіну
Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Геометриялық фигуралардың бастамасы бұрыштар туралы кең түсінік беру, транспортирді қолдану жолын үйрету
Қолдану
Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, теориялық білімдерін кеңейту. Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті есептер беріледі. Берілген есептерді шығарып дәптерлеріне жазып алады.
Талдау
Тақырып бойынша берілген сұрақтарға талдау жасауды үйренеді.
Тік бұрыштың градустық өлшемі нешеге тең?
Доғал бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?
Жинақтау
Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін сұрақтар беріледі? Сүйір бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?
Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
Бағалау
Сабақтан алған әсерлерін сұрайды
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Критерийлер бойынша бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. Өзін-өзі және сыныптастары бағалайды?