Ж. Молда?алиевты? Ар-?ят туралы ?ле?і


Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы бойынша қосымша іздену жұмысы
«Дауыл» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Ар – ұят туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.
24828501285240001817370635000 Ар - ұят
ҚҚажымұқан
00 Ар - ұят
ҚҚажымұқан
310451586042500117348085979000248348518478500303657049149000118618049149000
Ар, намыс, ұят туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады.
Әрлі болғанша, арлы бол.
Арыңды жасыңнан сақта.
Өлімнен ұят күшті,
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жазушының өмірі туралы мәлімет.
Жұбан Молағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде туған.
Орал ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
1940 – 1947 дейін әскер қатарында болған.
«Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған.
Мәтінмен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңді компазициясына орай:
А) Шал мен жігіт шатағы
Ә) Ар – ұят туралы.
Б) қорытынды деп жоспар жасау.
VІ. Түсінік тексеру:
Өлеңді тұтас оқып , өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?
VІІ. Жаңа сабақты қорыту:
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
264414052705Арсыздық пен ұятсыздық
00Арсыздық пен ұятсыздық
118618052705Ар мен ұят
00Ар мен ұят

VIII. Үйге тапсырма: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңінің өздеріне ұнаған жеті шумағын жаттау
IX. Бағалау