Бастауыш сыныптар?а арнал?ан диктанттар жина?ы


Тиін.
Тиін орманда, тоғайда болады. Ол бұтақтан- бұтаққа, ағаштан- ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді.
(24 cөз)
Түлкі.
Түлкі жыртқыш аң деп саналғанымен, жеміс- жидектерден де бастартпайды. Тіпті ашықса өлексені де қорек етеді. Ең сүйікті асы- сұр тышқан мен көжек. Қаз бен құрды, балықты да жей береді. Інін өзі қазады немесе борсықтікін тартып алады.
(37 сөз)Бесік
Қазақ баласын ағаш бесікке бөлеп өсіреді. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар...
Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өсіп жетіледі.
(37 сөз)
Ақ қоян
Оны қыста қардан ажырату қиыне- ақ. Жазда қоңырқай түске енеді. Тек бауыры ақ болып тұрады. Қорегін таңсәріде және кешкісін ғана жейді. Күндіз бұта арасында жатады. Көжектері 7-12 болып туды,олардың терісі әдемі болады.
Күз.
Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Адамдар болса күздің мол сыйын жинап алуда.
(45 сөз)
Отаным.
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен  достық қарым-қатынаста.
(49 сөз)
   Фермада.
Жадыраған жаз. Ауылдың сиыр фермасы тау қойнауында еді. Сиырлар көк шүйгін шөпке құныға жайылып жүр. Мұнда малшылар да әбден рақатқа батты. Ашық аспан. Ақ бас таудың таза саф ауасы. Көк жүзінде қараторғай әуелете әнге басады. Ахмет сиырларды кешкі сауымға айдап әкелді. Сауыншылар сиыр саууға кірісті.
(45 сөз)
Емен.
Емен – қатты ағаш. Ол ежелден шаруашылық үшін бағалы боп есептеледі. Еменнің сүрегін көпір діңгектерін, кемелер мен вагондар жасауға пайдаланады. Одан ұзаққашыдайтын үйлер тұрғызады. Еменнен әдемі фанер, тамаша паркет дайындалады. Еменнің жемісінен крахмал және спирт адады. Шошқажаңғақтар кейде кофе алмастырғыштарын даярлауға да жұмсалады. Шошқажаңғақ – шошқа үшін тамаша азық.
(47 сөз)
Құмырадағы су
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра болса биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті. Қарға айласын асырды.
(48 сөз)
Көктем
Мамыр айының бас кезі. Жердің беті әдемі кілемдей.Таң атты. Күн шығып келе жатыр.Таңертеңгі шық күмістей жылтырайды. Қалың тоғайдың арасынан ирелеңдеп өзен ағады. Жел жоқ. Табиғат күліп тұрған сияқты.Тоғай іші-қаптаған ұя.Бос қалған ағаш жоқ. Әрбір құс өзіне лайықты жерге ұя жасаған. Көкектің шақырған дауысы естіледі. Бозторғайлар шырылдайды. Осының бәрі адамға көктемнің келгенін білдіреді.
(56 сөз)
Кезекші
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші.Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді.Алдымен парталарды реттеп қойды.Жанар терезелерді ашты.Айнұр партаның үстін,тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті.Бірінші сабақ қазақ тілі.Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды.Сөздіктер сөреде тұрған.Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады
(43 сөз)
Қарға
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраға салды. Су көтерілді. Қарға су ішті.

(38 сөз)
Менің досым.
Біздің сыныпқа Раушан деген қыз келді. Екеуміз жұбымыз жазылмайтын дос болдық. Оның қолынан келмейтін іс жоқ. Би билейді. Ән айтады. Домбырада ойнайды. Өзі үздік оқиды. Бос уақытында пайдалы іспен айналысқанды ұнатады. Раушан – өте ілтипатты қыз. Ол достарынан көмегін де аямайды.
(39 сөз)
Ала мойын лақ
Менің мүйізі жоқ тоқал ешкім бар. Бір күні ол ақ лақ туды. Лағын жақсы көреді. Қасынан шықпайды. Бір күні жаңбыр жауды. Енесі лағын іздеп маңырап жүр. Мен де көп іздедім. Лақ шөптің қуысында ұйықтап жатыр екен. Лағын енесіне тауып бердім. Ешкім алғыс айтқандай маңырап жіберді
(45 сөз)
Қараторғайлар
Жер тез кепті.Қайыңдардың жұпар иісті бүршіктері жарылды.Адамдар бақшаларын қазып жатыр.Жер астынан қаншама құрт,қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бір күнде қаншама зиянды жәндіктерді жейтінін білесіңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнін таң сәулесі ағаштарға түскенде тыңдау керек.
(45 сөз)
Батыр күшіктер
Түн ортасы еді. Екі күшік аулаға шықты. Олар аспанға қарады. Жарқыраған жарты домалақты көрді. Күшіктер не екенін білмей таңдана қарады. Жарты домалақ бүтін дөңгелекке айналды. Күшіктер қорқып кетті. Олар дөңгелекке қарап үрді. Дөңгелек жоғары қарай жылжи берді. Күшіктер оны қашып бара жатыр деп ойлады. Олар қуанып үре берді.
(48 сөз)
Көкек
Жаз айларында орманға барған адам әсем дауысты естиді. Бұл – кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкектің үні. Көкектер балапан басып шығармайды. Жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына тастап кетеді. Одан шыққан балапан қасындағы ұяластарын итеріп құлатып жібереді. Көкек – тамақсау құс. Ол зиянкес жәндіктерді жояды.
(42 сөз)
Әже өнері
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды
(45 сөз)