Химия п?нінен 9 сынып?а арнал?ан Есептер шы?ару та?ырыбына арнал?ан саба? жоспар


Күні : 12.03.16ж
Сыныбы: 9 г
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:. Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, танымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жұмыс жасауға, мәдениетті деңгейде ойын сауатты жеткізе білуге, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Десант сабақ
Технология: Ақпараттық
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ– жауап орындау.
Құрал– жабдықтар: интерактивті тақта, тірек-сызба
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпты сабаққа дайындау
2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды бегілеу
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді қайталау:
III. Жаңа сабаққа кіріспе
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар
VI. Үй тапсырмасы және қортындылау
VII. Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты Блум таксономиясы бойынша сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
БЛУМ таксономиясы негізінде құрылған тапсырмаларды орындайды. Жауап берген оқушылар жұлдызшамен бағаланады.
Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа тақырыбымызда химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеп табуды үйренетін боламыз. Тақырыпты дәптерлеріне жаздырамын.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Мұғалім есеп шығарып көрсетеді. Жаңа сабақ материялын дәптерге жазғызамын.
1.Массасы 30 г мыстың мырышпен құймасын күкірт қышқылымен өңдеген.Бұл кезде 4,4 л (қ.ж.) сутек бөлінген.Бұл құймадағы мырыштың массалық үлесін есептеңдер.
1 кезең.Ойлан тап. Топ оқушылары орындарында отырып, берілген есепті шығарып, бір оқушы тақтаға жазады.1- топ. 20 грамм натрий гидроксидін тұз қышқылымен араластырғанда неше грамм тұз түзіледі.2 - топ. Массасы 48 грамм алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің массасын табыңдар.3 - топ. Массасы 43 грамм кальций оттекпен әрекеттескендегі кальций оксидінің массасын есептеңдер
1 кезең.“Химиялық эстафета” Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады.1 - топ. Al →Al2O3 → Al2(SO4) → Al(OH)3→ AlCl3 →Al2 - топ. Ca → CaO →Ca(OH)2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CO23 - топ. Zn → Zn O → Zn CL2 → Zn(OH) 2
3-кезең. Сергіту сәті. Топтың бір мүшесі шығып есіктен төрге дейін элемент аттарын айтып баруы қажет(әр элемент 1 ұпаймен бағаланады)
4-кезең.Құпия сөздің кілтін тап.
н а л а р ә ы р с қ ы и ғ ң ұ
7 2 20 2 9 8 5 9 10 19 5 13 1 18 17
т ы у и и х е с р ә н п ы й а ж а ғ я м
16 5 21 13 13 12 8 10 9 8 7 6 5 4 2 3 2 1 15 14
123456 78910 11 12 13 14 13 15,
16 17 18 1 13 5 19 10 5 9 5 8 9 2 20 21 2 7.
Жауабы:
Ғажайып нарсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңалап бірі жаралған.
5 кезең.«Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 3 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Әр ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап үшін ұпай беріледі.
3
2
1

1 ұяшық: Массалық үлесі 15% (тығыздығы 1,1 г/мл),көлемі 240 мл тұз ерітіндісін дайындауға қажетті су мен тұздың массаларын табыңдар
2 ұяшық: Натрий гидроксидінің массалық үлемі 10%,көлемі 20 мл ерітіндісін дайындау үшін гидроксидтің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер
3 ұяшық: Күкірт қышқылының массалық үлесі 10%,тығыздығы 1,07 г/мл,көлемі 200 мл ерітіндісіндегі күкірт қышқылының массасын табыңдар
Қалған оқушыларға өзіндік жұмыс№:
Берілген заттардың ион зарядтарын дұрыс таба алсаңыз, сәйкес сандардың қосындысынан осы катиондар мен аниондардың қосындысы арқылы пайда болған бір күрделі заттың молекулелық массасы шығады:
Иондар «+» «-»
SO4
K
SiO3
Na
S
OH 1
3
5
7
9
11 2
4
6
8
10
12
ЖАУАБЫ: 2+3+6+7+10+12=40
Mr (NaOH)=40г/моль
Қорытынды
Рефлекциялық кезең
Оқушыларды бағалау, үй тапсырмасы :есептер шығару