Химия п?нінен 8-10 сыныптар?а арнал?ан жаз?ы тапсырмалар


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-363855231775
Химия пәнінен 8-10 сыныптарға арналған жазғы тапсырмалар


Тараз – 2015 ж
Мақсаты:
оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау;
жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдаланып, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру;
теорияны практикамен ұштастыра отырып білімдерін дамыту.

Тапсырмалар мазмұны 2 бөлімнен тұрады
Теориялық бөлім: ауызша сұрақ- жауап бөлімі
Практикалық бөлім: жазбаша есептер шығару бөлімі
Тапсырманы өткізу мерзімі
10-сыныптар 10-15 тамыз
9-сыныптар 17-22 тамыз
8--сыныптар 24-29 тамыз
8-сынып
Теориялық бөлім
І-Бастапқы химиялық ұғымдар
Химия ғылымы нені зерттейді?
Химияның басты міндеттері қандай?
Химиялық заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау неліктен қажет?
Заттар және таза заттар дегеніміз не?
Қоспа деп нені айтады?
Біртекті қоспа мен әртекті қоспаның айырмашылығы неде?
Заттарды қоспадан қалай бөліп тазартамыз?
Табиғи құбылыстарды қалай жіктейміз?
Физикалық және химиялық құбылыстардығ айырмашылығы неде?
«Химиялық реакция» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Химиялық реакцияның белгілері қандай?
Атом мен молекулаға сипаттама беріңіз
Химиялық элемент дегеніміз не?
Химиялық формула нені көрсетеді?
Салыстырмалы молекулалық массаны қалай анықтаймыз?
Валенттілік дегеніміз не? Элемент валенттіліктерін көрсету.
Құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақталу заңдары.
Химиялық реакциның неше типі бар? Мысал келтіру.
Зат мөлшерін анықтаудың үш формуласы.
Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не?
ІІ- Оттек. Сутек. Су. Ерітінділер
Оттекке сипаттама, қасиеттері.
Оттекті өнеркәсіпте және лабораторияда қалай алады?
Өршіткі деген не?
Химиялық реакцияның жылу эффекті деген не?
Сутекке жалпы сипаттама, қасиеттері.
Сутектің алынуы, табиғатта таралуы.
Судың құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері.
Ерітінділердің проценттік концентрациясы дегеніміз не?
Қандай ерітіндіні қаныққан ерітінді деп атайды?
Қандай еретендіні концентрациялы деп атаймыз?
Қандай ерітіндіні сұйылтылған ерітінді деп атаймыз?
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қандай формуламен анықтаймыз?
ІІІ- Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
Оксидтер дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі?
Оксидтерді қандай жолдармен аламыз?
Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Оксидтерді қайда қолданады?
Негіздер дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі?
Негіздерді қандай жолдармен аламыз?
Негіздердің физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Негіздерді қайда қолданады?
Қышқылдар дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі?
Қышқылдарды қандай жолдармен аламыз?
Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Қышқылдарды қайда қолданады?
Тұздар дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі?
Тұздарды қандай жолдармен аламыз?
Тұздардың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Тұздарды қайда қолданады?
ІҮ- Атом құрылысы. Химиялық байланыс
Элементтерді Металдар мен бейметалдар деп жіктеу неге негізделген?
Екідайлы қасиет қандай заттарға тән?
Элементтердің табиғи ұяластарына сипаттама.
Менделеев элементтерді жіктеу үшін қандай заңдылыққа сүйенді?
Период дегеніміз не?
Периодтар неше топқа жіетеледі?
Топтың нөмірі нені көрсетеді?
Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді?
Атом қандай бөлшектерден тұрады?
Изотоптар дегеніміз не?
Энергетикалық деңгей деген не?
Элемент топтары қандай топшаларға бөлінеді, неліктен?
Электртерістік деген не?
Периодта және негізгі топшада орналасқан элементтердің электртерістілік қалай өзгереді?
Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?
Қандай байланысты ковалентті полюсті және полюссіз деп атаймыз?
Қандай байланысты иондық байланыс деп атаймыз?
Кристалдық тор және оның түйіндері дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай реакцияны тотығу-тотықсыздану реакциясы деп атаймыз?
Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
Тотықтырғыш дегеніміз не? Тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

Практикалық бөлім. Есептер 8-сынып
Н2О, Cr2О3, SO2, N2O5, CO2, MnO4, P2O5, СаО
Салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп шығарыңдар;
Бұлардың 0,25 молі неше грамнан болатынын есептеп шығарыңдар;
Бұл қосылыстардың әрқайсысы да оттектің үлесі 8 грамнан болса, екінші элементтің массасын есептеп шығарыңдар;
Жоғарыдағы формулалар бойынша бұлардың 2 молі неше грамнан болатынын есептеп шығарыңдар.
Мына қосылыстарды атаңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін табыңдар:Na2O, CaO, SO2, SO3, Ca(OH)2, Fe(OH)3, HCl, HNO2, HNO3, H3PO4, KMnO4, Na2CO3, NaHCO3,
K2SO4, AlPO4
Берілген формулалардағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар:К2S,В2О3, ZnO, MnO2, NiO, Cu2O, SnO2, Ni2O3, SO3, As2O5, HgO, Cl2O7, Li2O, PH3, CH4, BaO, P2O5, Mn2O7
Мына есептерді шығарыңдар.
СаО – ның 168 грамы неше моліне сәйкес келеді?
Судың 360 грамы неше моліне сәйкес келеді?
0,1 моль судың массасы қандай?
СаО – ның 2 молі неше грамм болады?
МgО – ның 200 грамы неше моль болады?
СаS – нің 36 грамы неше моль болады?
Na2SO4 – ның 0,4 молі неше грамм болады.
NaI – нің 0,6 молі неше грамм болады?
Қ.ж. 15 л оттектің массасы қанша грамм болады.
Қ.ж. 0,4 моль оттек, 0,6 моль сутек және 0,3 моль азот қандай көлем алады.
Реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
Ba + O2Al + Cl2
Na + Cl2Li+ O2
Cu+ O2Zn + Cl2
Al + SН2 + О2
Түзілген ТеО2 – нің бір моліне 322 кДж жылу жұмсалса, 1,92 г теллур жанғанда қанша жылу бөлінеді?
Көміртегі жануының термохимиялық теңдеу мынадай:
С + О2 СО2 + 394 кДж. Егер көміртегі жанғанда 1970 кДж бөлінген болса, көміртегінің массасы қанша болады?
Алюминий мен күкірт әрекеттескедегі термохимиялық реакция теңдеуі мынадай: 2Al + 3S Al2S3 + 509 кДж Реакцияға 81 г алюминий және 128 г күкірт жұмсалса қанша жылу бөлінеді?
Көмір жанғанда 402,2 кДж жылу бөлінген. Қанша көлем көміртек (IV) оксиді түзілген.
Галогеннің ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2,8. Бұл газдың сутегімен салыстырғандағы тығыздығын тап.
Фторсутекпен бромсутектің ауамен салыстырғандағы тығыздығын табыңдар.
Қоспа 0,8 г сутекпен 11,2 г азоттан тұрады. Қоспа көлемі қ.ж. қанша литр болады.
Қай оксидте темір көп: Fe2O3; FeO; Fe3O4
Al2S3 – де Al 36 % бар. Сульфидтің қарапайым химиялық формуласын тап.
Қосылыс құрамында Na– 34,6%, Р – 23,3%, О – 42,1%. Қосылыстың қарапайым формуласын тап.
Зертханада күкірт қышқылының тығыздығы 1,732 г/л болатын 80 пайыздық ерітіндісі бар. Аккумуляторды зарядтау үшін тығыздығы 1,143 г/л, 20% 2л ерітінді дайындау үшін осы ерітіндіден және судан қанша алу керек.
Натрий сульфатының 8 % - тік 300 г ерітіндісіне 500 мл су қосылды. Ерітіндінің концентрациясы қалай өзгергенін есептеп шығар.
Тығыздығы 1,33 г/моль болатын калий гидроксидінің ерітіндісінде калий гидроксидінің массалық үлесі 33% . Ерітіндінің молярлық концентрациясын табыңдар.
Тығыздығы 1,047 г/моль, массалық үлесі 10 % тұз қышқылының ерітіндісі берілген. Осы ерітіндінің қандай көлемінен мольдік концентрациясы 0,2 моль /л тұз қышқылының ерітіндісінің 50 мл ерітіндісін даярлайды.
12 % натрий гидроксидінің ерітіндісінің тығыздығы 1,131 г/л. Ерітіндінің мольдік концентрациясын анықта.
Барий хлоридінің массалық үлесі 0,05 болатын 15 г ерітіндісіне натрий сульфатының массалық үлесі 0,08, ал массасы 10 г ерітіндісі қосылды. Қанша барий сульфаты түзіледі.
Мына заттар берілген: моногидрофосфат СаНРО4 және кальцийдің дигидрофосфаты Са(Н2РО4)2. Қайсы заттың құрамында фосфор көп екендігін есептеңіздер
Негіздік тұздардың құрамы мынадай: CuOHCl,(AlOH)2Cl. Тұз құрамындағы қышқыл қалдығының орнында не тұр? Мұнда Cu екі валентті болса, онымен қосылатын – OH, бір валентті, хлор да Cl бір валентті. Сөйтіп (OH, Cl) екі валентті мыспен валенттілік заңымен қосылып тұр. Осы қосылыстардың құрылымдық формуласын жаз.
Кейбір элементтердің латынша аталуының түбірлері мынандай: құрамында осылар болатын формулаларды құрастырып оларды атаңдар. C карбон, S сульф, Sb стиб, N нитр, Si силик, Mn марган , As арсен
Мына сызбанұсқа бойынша тұздардың түзілу реакция теңдеулерін жазыңдар.
Металл + оттек негіздік оксид негіз (гидроксид) тұз
Бейметалл + оттек қышқ. оксид қышқыл тұз
Элементтердің әр түрлі валенттілігмен 7 оксид, 4 негіз, 9 қышқыл және 10 тұз формуласын құрастырыңдар.
Мына тұздар қалай аталады? KСlO3,KMnO4, Na2CO3, NaHCO3,K2SO4 , Al3(PO4)2
Мына заттардың формулаларын құрастырып жазыңдар:
Сөндірілген әк, темір (ІІІ) оксиді, натрий сілтісі, тұз қышқылы, хром оксиді, мырыш сульфаты, ас тұзы, тотияйын, калций силикаты, күкірт қышқылы, темір сульфиді
Төмендегі заттардың құрылымдық формулаларын көрсет.Сутегі асқын оксиді; Натрий асқын оксиді; Күкірт қышқылы; Ортофосфор қышқылы; Натрий гидроксиді; Натрий гидросулфаты;
Сілтілер мен қышқылдар арасындағы реакцияны бейтараптану реакциясы дейді. Осыған мысал ретінде мына заттар арасындағы теңдеулерді құрастырып жазыңдар: Mg(OH)2 мен HNO3; Al(OH)3 мен H2SO4; Ca(OH)2 мен HCl.
Кіші периодтағы элементтердің электрон қабаттарын периодта тұрған орнына сәйкес сызып жаз.
Мысалы, + 11) 2 ) 8 ) 1
Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон және нейтрон сандарын анықтаңдар: Z = 7, Z = 16, Z = 23;
Атом ядросында 30 нейтроны және энергетикалық деңгейлерінде 25 электроны бар қай элемент және оның ядро заряды қаншаға тең болады?
Екі валентті металдың 25 грамы сумен (қ.ж) әрекеттесіп, 14 л сутегін ығыстырып шығарады. Бұл қай метал?
Берілген заттардың қай байланыс түріне жататынын анықтаңдар: СаF2, F2, Н2S, Li Cl, NH3, N2
Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: KCl, KMnO4, K2Cr2O7, H2SO4, SiCl4, NaBr
Тотығу – тотықсыздану реакцияларының көмегімен төмендегі реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар:
KClO + P KCl + P2O5
KBr + Cl2 KCl + Br2
Zn + HCl ZnCl2 + H2
K + Cl2 KCl
Fe + S FeS
Mg + O2MgO
Хлор төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: Na, H2O, NaOH, H2, KCl. Реакция теңдеулерін жазыңдар.


9-сынып
Теориялық бөлім
І-Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері.
Электролиттер және бейэлектролиттер дегеніміз не?
Электролиттерге қандай заттар жатады?
Элекролиттер ерітіндісі мен балқымасының электр тогын өткізу себебі неде?
Электролиттік диссоциациялану деп қандай процесті айтамыз?
Гидраттанған иондар деген не?
Катиондар мен аниондар дегеніміз не?
Қышқылдардың сумен әрекеттесеу механизмі қандай? Оксиний ионы қалай түзіледі?
Сілтілердің сумен әрекеттесу механизмі.
Электролиттерді күшті және әлсіз деп жіктеудің себебі неде?
Диссоциациялану дәрежесін қалай анықтаймыз?
Қандай реакцияны ион алмасу реакциясы деп атаймыз?
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері қандай?
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері қандай?
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері қандай?
Қандай заттар иондарға ыдырамайды?
Қандай реакцияны гидролиз деп атаймыз?
Тұздар гидролизі дегеніміз не?
Қандай тұздар сілтілік орта көрсетеді?
Қандай тұздар қышқылдық орта көрсетеді?
Қанадай тұздар бейтарап орта көрсетеді?
ІІ- Бейметалдар және олардың қасиеттері
Бейметалдық қасиет периодтық жүйеде период және топ бойынша қалай өзгереді?
Бейметалдардың металдардан айырмашылығы неде?
Күкірт оның қасиеттері және табиғатта таралуы.
Күкірттің қосылыстары және олардың қасиеттері қандай?
Күкірт қышқылының қасиеттері қандай?
Азот және оның қасиеттері қандай?
Аммиак және оның қасиеттері, қолданылуы.
Аммоний тұздарының қасиеттері.
Фосфор және оның қосылыстары, қасиеттері.
Көміртек табиғатта таралуы және қасиеттері.
Көміртектің қосылыстары және олардың қасиеттері
Кремний және оның қасиеттері
Силикат өнеркәсібі
Бейметалдардың Қазақстандағы табиғи қосылыстары.
ІІІ- Металдар және олардың қасиеттері
Металдардың периодтық жүйедегі орны мен атом құралыстары қандай?
Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттер.
Металдар неліктен жемірілуге ұшырайды?
Жемірілу дегеніміз не?
Металдардың жемірілуін қалай баяулатуға болады?
Металдарды жемірілуден сақтаудың қандай шараларын білесің?
Металдарды алудың жалпы әдістері қандай?
Кальций және оның қосылыстары. Олардың қасиеттері.
Қандай суды кермек су деп атаймыз?
Кермектікті қалай жоямыз?
Алюминий және оның қосылыстары. Олардың қасиеттері мен алыну жолдары.
Темір және оның қосылыстары. Олардың қасиеттері мен алыну жолдары
Темір құймалары қалай жіктеледі?
Шойынды қалай алуға болады және қайда қолданады?
Болатты қалай алады және қайда қолданады?
Еліміздегі металл кендері.
ІҮ-Органикалық заттар туралы түсініктер
Органикалық химия қандай қосылыстарды зерттейді?
Органикалық заттардың қандай ерекшеліктері бар?
Органикалық заттар қалай жіктеледі?
Қаныққан көмірсутектер метанның физикалық, химиялық қасиеттері.
Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы, құрылысы,аталуы және гибридтенуі .
Химиялық құрылыс теориясының маңызы қандай?
Изомерия дегеніміз не?
Химиялық құрылыс теориясын ұсынған ғалым
Қанықпаған көмірсутектердің жалпы формуласы, құрылысы,аталуы және гибридтенуі.
Қанықпаған көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Алкиндердің жалпы формуласы, құрылысы,аталуы және гибридтенуі.
Алкиндерді қалай алады?
Алкиндерге тән физикалық және химиялық қасиеттер.
Ароматты көмірсутектердің жалпы формуласы, құрылысы,аталуы қандай?
Бензолды қалай алады?
Бензолдың қасиеттері қандай?
Спирттердің жалпы формуласы, құрамы, қасиеттері, алынуы.
Альдегидтердің жалпы формуласы, құрамы, қасиеттері, алынуы.
Карбон қышқылдарының жалпы формуласы, құрамы, қасиеттері, алынуы.
Күрделі эфирлер мен майлардың жалпы формуласы, құрамы, қасиеттері, алынуы.
Көмірсулардың табиғатта таралуы, маңызды өкілдері.
Аминқышқөылдары құрамының ерекшелігі неде?
Пептидтік байланыс қалай түзіледі?
Нәруыздар қандай заттар?
Практикалық бөлім 9-сынып
7,2г магний азотпен әрекеттескенде түзілген магний нитридінің массасы 10 г
3 моль литий азотпен (қ.ж) әрекеттескенде түзілген литий нитридінің зат мөлшері (моль)
3,4г аммиак күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген аммоний сульфатының массасы (г)13,2
4л аммиак тотыққандатүзілетін азот пен судыңмассалары (г)2,5 және 4,82
21,4г аммоний хлориді мен 12г кальций гидроксидінің қоспасы қыздырылғанда түзілген газдың массасы (г)5,5
10т аммоний сульфатын алу үшін қажет аммиактын көлемі (м3) және массасы (кг)3394 м3 , 2575 кг
Массалық үлесі 0,2 натрий гидроксидінің 600г ерітіндісіне массалық үлесі 0,2 азот қышқылының 800г ерітіндісі құйылғанда түзілген тұздың массасы (г)215,9
Көлемі 20мл массалық үлесі 2%, тығыздығы 1,02г/мл натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптауға жұмсалатын азот қышқылының массалық үлесі 1% тығыздығы 1,4г/мл ерітіндісінің көлемі (мл)
325г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутегінің зат мөлшері (моль)
11,2г калий гидроксиді 5,6л хлорсутекпен әрекеттескенде түзілген тұздың массасы (г)14,9
10,8г алюминий 22,4г күкіртпен әрекеттескенде түзілген алюминий сульфидінің зат мөлшері (моль)0,2
4моль барий гидроксиді 3моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілген барий нитратының зат мөлшері (моль)1,5
13г мырыш 24,5г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж) көлемі (л)4,48
49г натрий гидроксиді 49г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген натрий сульфатының массасы (г)71
28г темірді 32г күкіртпен қосып қыздарғанда түзілген темір сульфидінің массасы (г)44
Термохимиялық теңдеуі мынандай: С + O = СО2+402 кДж реакция нәтижесінде 2412 кДж жылу бөлінсе,жанған көміртегінің массасы (г)72
Темірдің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі: 3Fe +2O2 Fe3O4 + 1116 кДж болса,1 кг темір жанған кезде бөлінетін жылу мөлшері (кДж)6642,8
490 г Бертолле тұзының ыдырауынан түзілген оттегінің зат мөлшері (моль)6
7,75 г фосфор 10 л (қ.ж) оттегімен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы17,75
Ауаның салыстырмалы молекулалық массасы 29-ға тең.Қалыпты жағдайдағы бір шаршы метр құрғақ ауаның массасы (кг)1,29
Газ күйіндегі аммиакты NH3 катализатор қатысында оттегімен тотықтырғанда азот (ІІ) оксиді және су түзіледі.26,88 л аммиакпен реакцияға түскен оттегінің көлемі (л)33,6
Көлемдері 300 л гелий мен 100 л оттегі араластырылды.Түзілген газдар қоспасының сутегі бойынша тығыздығы5,5
10 г сутегі 10 г оттегіменәрекеттескендетүзілгенсудыңмассасы (г)11,3
Оттегі мен озон қоспасының сутегі бойынша тығыздығы – 18.Қоспадағы озонның массалық үлесі (%) 33,33
Этилен молекуласындағы көміртегінің массалық үлесі (%)85,7
14 г этиленнің (қ.ж) көлемі (л)11,2
Этилен молекуласындағы көміртегінің массалық үлесі (%)85,7
11,2л ацетиленді жағу үшін қажет өттегінің көлемі (л)28
Егер жағуға 89,6 л оттек жұмсалған болса (қ.ж) жанған ацетиленнің көлемі (л) 35,8
Ацетиленнің шығымы 80 % болса, (қалыпты жағдайда) 24 кг кальций карбиді сумен әрекеттескенде түзілген ацетиленнің көлемі (л)6,7
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі2C2H2 + 5O2 → 4CO2 + 2H2O + 2610 кДж болса, 2,5 моль ацетилен жанған кезде бөленетін жылу мөлшері 3262,5 кДж
13г алкин (қ.ж) 11,2л көлемалады.Алкинніңмолекулалықформуласы
5,2 кг алкинді жаққанда 8,96 л көміртегі (IV) оксиді (қ.ж) және 3,6 г су түзілген. Сутегібойыншасалыстырмалытығыздығы 13-ке теңбелгісізалкинніңмолекулалықформуласы
Құрамында он төрт атом сутек бар диен көмірсутегінде көміртек атомының саны
Құрамында он сегізсутек атомы бар диен көмірсутегініңмолярлықмассасы (г/моль)
1л бутадиен – 1,3 (қ.ж) массасы (г)2,41
87 г бутанды (қ.ж) дегидрлегенде түзілген бутадиен – 1,3-тің көлемі (л)33,6
Егер жағуға 78,4 л оттек жұмсалған болса (қ.ж), жанған пентадиеннің массасы (г)34,0
81г бутадиен–1,3 бромдағандатүзілген 1,4- дибромбутен – 2-нің массасы (г)321
Пропадиеннің жану реакциясы теңдеуіндегі барлық заттардың формулалары алдындағы коэффициенттердің қосындысы
10-сынып
Теориялық бөлім
І- Атом құрылысы теориясы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық заңы. Химиялық байланыс.
Химиялық элемент және атом ұғымдары арасындағы өзара байланысты түсіндір
Әр түрлі элемент атомдарының бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Табиғатта қай элементтер көп таралған?
Атом қандай бөлшектерден құралған?
Орбиталь дегеніміз не?
Электрон, электрондық бүлт ұғымдарына сипаттама беріңдер
Электрондық орбитальдардың қандай түрлері бар?
Паули принципінің маңызы қандай?
Периодтық заңның физикалық мағынасы неде?
Периодтық заң негізінде ашылған жаңалықтарды ата.
Атом радиусының өзгерісінде периодта және жаңа периодқа ауысқанда, топтарда қандай заңдылықтар байқалады?
Атом құрылысы тұрғысынан валенттілік ұғымын түсіндір
Валенттілік пен тотығу дәрежесі арасында қандай айырмашылық бар?
Периодтарда элементтер оксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?
Қандай элементтер атомдары арасында коваленттік байланыс түзіледі?
Байланыс ұзындығына, байланыс энергиясына анықтама беріңдер
Полюсті және полюссіз байланыстардың айырмашылықтары неде?
Координациялық қосылыстар түзілген кезде қай бөлшектер донор, қайсысы акцептор болады?
Айланыс полюстігі мен молекула полюстігі түсініктерінің айырмашылығы неде?
Қандай байланысты иондық деп атаймыз?
Еталдық байланыс қалай пайда болады?
Сутектік байланыс түзілу үшін қандай жағдайлар керек?
ІІ- Химиялық реакцилардың жүру заңдылықтары.
Не себепті химиялық реакцияларды жіктейді?
Қандай реакциялар қайтымды және қайтымсыз деп аталады?
Тотығу –тотықсыздану реакцияларына орта қалай әсер етеді?
Тотығу –тотықсыздану реакциялары қалай жіктеледі?
Электролиз процесінің мәні неде?
Судың иондық көбейтіндісі деген не?
Сутектік көрсеткіш дегеніміз не? Оны қалай анықтайды және белгілейді?
Гидролиздену дәрежесі қандай факторларға байланысты болады?
Химиялық реакцияның жылу эффектісі дегеніміз не?
Мынадай түсініктерге: жүйе, гомогенді жүйе, гетерогенді жүйе, фаза анықтама беріңдер. Мысалдар келтіріңдер.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?
Гомогенді және гетерогенді реакциялардың жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
Катализ деген қандай құбылыс?
Автокатализ деген не?
Тежегіштер деген не?
Ферменттер деген не?
Неліктен химиялық тепе-теңдік динамикалық деп аталады?
Тепе-теңдіктің орнау күйін қандай белгілері бойынша анықтайды?
Тепе-теңдік константасы деген не?
Тепе-теңдікке қандай факторлар әсер етеді?
Ле Шателье принципінің мағынасы неде?
ІІІ- Маңызды s -элементтер және олардың қосылыстары
s– элементтердің жалпы сипаттамасы
Калий мен натрийге салыстырмалы сипаттама бер
Калий мен натрийді неге техникада кеңінен қолданбайды?
Калий мен натрийдің гидроксидтері мен оксидтерінің қасиеттеріне сипаттам бер
Магний мен кальцийдің қасиеттерін салыстырыңдар.
Магний мен кальцийдің алынуы, қолданылуы және қасиеттеріне сипаттама
Магний мен кальций қосылыстарының алынуы, қолданылуы және қасиеттеріне сипаттама
Қандай суды кермек су деп атаймыз?
Кермектіктің неше түрі бар?
Кермектікті қалай жоюға болады?
Үй жағдайында кермектікті қалай жоюға болады?
ІҮ- Маңызды d -элементтер және олардың қосылыстары
d – элементтердің жалпы сипаттамасы
Мыс, оның қосылыстары және олардың қасиеттері
Мыстың табиғатта таралуы, алынуы, қолданылуы
Мырыш, оның қосылыстары және олардың қасиеттері
Мырыштың табиғатта таралуы, алынуы, қолданылуы
Хром , оның қосылыстары және олардың қасиеттері
Хромның табиғатта таралуы, алынуы, қолданылуы
Темір , оның қосылыстары және олардың қасиеттері
Темірдің табиғатта таралуы, алынуы, қолданылуы
Жемірілу деген не? Жемірілу процесі қалай бөлінеді?
Ү- Маңызды р- элементтер және олардың қосылыстары
Қандай элементтер р – элементтерге жатады?
Р-элементтерде валенттік электрондар саны қандай аралықта өзгереді?
Алюминийге жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Алюминий қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Көміртекке жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Көміртек қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Кремнийге жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Кремний қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Азотқа жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Азот қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Фосфорға жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Фосфор қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Күкіртке жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Күкірт қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Галогендерге жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері
Галогендер қосылыстарының алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
Практикалық бөлім 10-сынып
Массалық үлесі 0,2 натрий гидроксидінің 600г ерітіндісіне массалық үлесі 0,2 азот қышқылының 800г ерітіндісі құйылғанда түзілген тұздың массасы (г)215,9
Көлемі 20мл массалық үлесі 2%, тығыздығы 1,02г/мл натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптауға жұмсалатын азот қышқылының массалық үлесі 1% тығыздығы 1,4г/мл ерітіндісінің көлемі (мл)46
Мына айналулар тізбегіндегі «Х» және «Y» заттарыX – H2, Y – HNO3
N2 +X → NH3 +Y →NH4NO3
Мына айналулар тізбегіндегі «Х» заты
N2 +H2→ X +HCl → NH4Cl
Газ күйіндегі аммиакты NH3 катализатор қатысында оттегімен тотықтырғанда азот (ІІ) оксиді және су түзіледі.26,88 л аммиакпен реакцияға түскен оттегінің көлемі (л)33,6
Көлемдері 300 л гелий мен 100 л оттегі араластырылды.Түзілген газдар қоспасының сутегі бойынша тығыздығы5,5
Эвдиометрде 2мл сутегімен 6 мл оттегінің қоспасына қопарылыс жасалды.Қопарылыстан кейінгі қалған газ және оның көлеміоттегі (5мл)
Оттегі мен озон қоспасының сутегі бойынша тығыздығы – 18.Қоспадағы озонның массалық үлесі (%) 33,33
197 5 л азот сутегімен әрекеттескенде 8 л аммиак түзілді.Аммиактын шығымы: (%)80
1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы: (%)93,4
30 л азот (қ.ж) сутегімен әрекеттескенде, өнімнің шығымы 11 % болса, түзілетін аммиактың көлемі: (л)6,6
5,6 кг азоттан 5 кг аммиак алынған. Түзілген өнімнің шығымы: (%)73,5
10,7 г аммоний хлориді кальций гидроксидімен әрекеттескенде 4 л аммиак алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%)89,2
Өнімнің шығымы 80% болса, 126 г азот қышқылынан түзілетін аммоний нитратының массасы (г) 128
44,8 л аммиак тотыққанда 40 л азот (ІІ) оксиді (қ.ж) алынған. Түзілген өнімнің шығымы (%)89,2
Тотығу-тотықсыздану теңдеуіндегі HNO3H2O+NO2+O2барлық коэффиценттер санының қосындысы
Тотығу-тотықсыздану теңдеуіндегі Cu+HNO3Cu(NO3) 2 +NO + H2O тотықсыздандырғыш алдындағы коэффициент саны
51,3г барий гидроксиді 19,6 г фосфор қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы (г) 60,1
196г фосфор қышқылы кальций гидроксидімен әрекеттескенде түзілген кальций дигидрофосфатының массасы (г)234
Фосфордың (V) оксиді 15,3г барий оксидімен әрекеттескенде түзілген барий фосфатының массасы (г) 20,3
10т фосфор қышқылы аммиакпен өзара әрекеттескенде түзілген диаммофостың ((NH4)2 HPO4) массасы 13,46
Преципитат кальций тұзының дигидраты болып табылады. Сусыз тұздың құрамы: Ca-29,46%; H-0,74%; P-22,76 %; O-47,04%. Осы тұздың формуласыНәтижесінде 1кг аммоний селитрасы түзілетін болса, кальций селитрасымен әрекеттескен аммоний карбонатының массасы (кг)0,6
Нәтижесінде 500кг аммоний карбонаты түзілетін болса, көмірқышқылымен әрекеттескен аммиактың массасы (кг)177
Өзгерістер схемасындағы берілген А және В заттары:
+O2 +HCl +NaOH t +H2
А → Fe2O3 → FeCl3 → B → Fe2O3 → A
Төмендегі өзгерістер схемасындағы А және В заттары:
A → FeCl2→ Fe(OH)2 → B → Fe2O3 → Fe
Массасы 3,42 г сілтілік металл сумен әрекеттескенде 0,448 л (ќ.ж.) сутегі бөлінді.Бұл металл
200 грамм 49 % -тті күкірт қышқылының ерітіндісі мырышпен әрекеттескенде (қ.ж.) түзілген сутегініңкөлемі (л) 22,4
60 грамм 10%-тті тұз қышқылының ерітіндісі 8 грамм темір үгінділерімен әрекеттескенде, түзілген тұздың массасы:10,4 г
Мыс пен темір қоспасын концентрлі азот қышқылымен өңдегенде 4,48 л газ бөлінген, ал сол қоспаға тұз қышқылымен әсер еткенде 2,24 л газ бөлінген (қ.ж.). Қоспаның массасы (г) 12 гМассасы 170 грамм күміс нитратының 2%-тік ерітіндісіне 10 грамм мырыш пластинкасы батырылған. Реакция аяқталғаннан кейін пластинканың массасы: 9,35
Металл күйіндегі алюминий мен оның оксидінен тұратын 9 г қоспаға натрий гидроксидінің ерітіндісімен әсер еткенде 3,36 литр (қ.ж.) газ бөлінген. Қоспаның проценттік құрамы:30 % Al, 70 % Al2O3
Массасы 1,28 грамм мысты оттегінің ағынында қыздырғанда пайда болған затты мыс (II) сульфатына айналдырған. Түзілген мыс (II) сульфатының массасы:3,2 г
Массасы 21,6 г мыс пен алюминийдің қоспасына сілтінің артық мөлшерімен әсер еткенде 6,72 л (қ.ж.) газ жиналды. Қоспаныңқұрамындағы мыстың массалықүлесі (%):75
Егер реакция өнімдерінің бірі күкірт болса, онда мырыш пен концентрлі күкірт қышқылының әрекеттесу теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы
Массасы 10 грамм мыс пен мырыштың қоспасы (мыстың массалық үлесі 39 %) тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемі (қ.ж., литрмен)?
Мына сызбанұсқа бойынша FeS2 → SO2 → SO3 → H2SO4 40 т 98 %-тті күкірт қышқылын алу үшін (егер шығымы 80 % болса) қажетті пириттің массасы:30
Темір (II) сульфидін сұйытылған күкірт қышқылымен өңдеп, түзілген газбен сілті ерітіндісін қанықтырған және оған мыс сульфатының ерітіндісін қосқан. Соңында түзілген тұнбаның формуласы:
79,2 г темір (II) сульфидіне артық мөлшерде тұз қышқылын қосып, түзілген газды натрий гидроксидінің 15 %-тік 240 г ерітіндісі арқылы өткізген. Түзілген тұздың формуласы және массасы: NaHS, 50,4
Егер шығымы 50% болса, 2K2Cr2O7 + 8Al → 4Cr + 2K2O + 4Al2O3 реакция теңдеуі бойынша 1 моль алюминийден алынатын хромның зат мөлшері: 0,25 моль
Мыс (II) хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде катодта 3,2 грамм металл бөлінді. Ал анодта (қ.ж.) бөлінген газ көлемі:1,12 л.