«Жайнай бер, жасай бер, мені? ?аза?станым!» атты іс шара


«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»
1 – жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
2 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен студенттер! Бүгінгі тәуелсіздіктің 23 жылдық мерейтойына арналған «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шараны ашық деп жариялаймыз!
1 – жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
1 – жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
2 – жүргізуші: Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.
1 – жүргізуші: Біз, қазақстандықтармыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.
Музыкалық номер
М.Маңғытаев «Қазақстаным менің» әні
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – киелі де, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының жемісі. Бүгін Қазақстан – әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
1 – жүргізуші: Қарыштай бер, Қазақстан шың басына
Айналып Орта Азия барысына
Таныпты ел атанып, табысты ел,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!
2 – жүргізуші: Тәуелсіздіктің 23 жылы тарихта өз ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.
1 – жүргізуші: Біз өткен 23 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
2 – жүргізуші:
Мемлекет рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің келбетімен таңқалдырған жаңа астанамыз бой көтерді.
1 – жүргізуші:
Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екендігін мойындаттық.
2 – жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана – ақ ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайдағы қонған сүйіп
Астана – Отанымның тірегісің
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.
Музыкалық номер
Амантаев Жанат «Астана» әні
Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз. Біздің Отанымыз ортақ. Жүрегіміз де біртұтас. Ұмтылыстарымыз да бірдей.
1 – жүргізуші: Қазір елім достықтың гүлстаны,
Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.
Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,
Мұнда бәрі қосылып ту ұстады
«Достық» биі
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ұлттық идеялар, тың серпін, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.
1 – жүргізуші:
21 ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры – Мәңгілік ел, - елдің біріктіруші күші, таусылмас қуат көзі.
1 – жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім Қазақстан – Отаным
Болашағы алға тартқан көш елі
2 – жүргізуші:Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» жолдауы жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.
1 – жүргізуші: 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халық Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
2 – жүргізуші: Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айырықша ролге ие.
Слайд «Мен елімнің патриотымын»
1 – жүргізуші: «Жастар - біздің алтын қорымыз» деп Елбасы айтқандай біздің колледжде мақсат – мұраттары айқын, оқуда да, өнерде де алда, шығармашыл, талантты студенттер көп. Біз олармен мақтанамыз!
Марапаттау
2 – жүргізуші: Тәуелсіз ел қараймын да тамсанам
Жылдарды ата бабам аңсаған
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын» деп айғайлап жар салам.
1 – жүргізуші: Желбірген байрағың желді күні,
Биіктерің, мәртебең елдігіңде.
Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.
Музыкалық номер
«Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор
2 – жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
1 – жүргізуші: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,
Болашағымыз жарқын болсын!
2 – жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»
«Қазақстаным менің» хор
Амантаев Жанат «Астана» әні
«Достық» биі
«Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор
«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»
мерекелік бағдарлама
Мақсаты:
Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін,тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;
тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу,
өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.
«ӘЛИХАН МУСИН АТЫНДАҒЫ
БАЛҚАШ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МҚККК

Жайнай бер, жасай бер,
менің Қазақстаным!
(Мерекелік іс-шара)
Дайындағандар: ШК-12-9А тобы
Жахметова Б.К.