?шб?рыш?а сырттай сызыл?ан ше?бер ж?не іштей сызыл?ан ше?бер. 9 — сынып


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер және іштей сызылған шеңбер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға шеңбер және оның элементтерінің, центрлік бұрыштың анықтамасын беру.Үшбұрыш және олардың түрлерін еске түсіру арқылы есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туғызу, алған білімдерін мысалдармен қорытынды жасауға, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: тірек-схемалар, слайдтар,сызба құралдары.
Пәнаралық байланыс: сызу,тарих, астраномия.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау.
2.Үй тапсырмасын тексеру. а) Өткен тарау бойынша алған білімдерін қайталау үшін сөзжұмбақ шешу.
б) Тарихқа көз жүгіртсек: «Үшбұрыш», «Шеңбер».
Сұрақтары:
1. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділер мен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны не деп атайды?
2. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның несі деп атаймыз?
3. Екі қабырғасы тең үшбұрыш?
4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле
5. Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді?
Бұрышты өлшейтін құрал?
3. Жаңа білімді меңгерту. Жазықтықта берілген нүктеден бірдеу қашықтықта жататын нүктелердің жинын шеңбер деп атайды.
1.Анықтама: Үшбұрыштың төбелері арқылы өтетін шеңберді үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп атайды.
2.Анықтама: Үшбұрыштың барлық қабырғаларын жанай өтетін шеңберді үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер деп атайды.
4.Сергіту сәті.
Әр оқушы фигураларды таңдай отырып, өз бойындағы қасиеттерді анықтайды.
1. Шаршы: қайраткер, еңбекқор, ұйымшыл, дәл қатың тәртіпті, үнемшіл
2.Үшбұрыш: лидер, билікке ұмтылғыш, қайткен күнде жеңіске жетеді.
3.Төртбұрыш: Білуге құштар, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл.
4.Дөңгелек: қолы ашық, өзгені түсінетін, байсалды, сенгіш, достары көп.
5.Эстафета. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Әр топта 8 оқушыдан. Бірінші тапсырманы бірінші оқушыдан бастап орындайды бір – біріне жалғастыру арқылы тапсырмалар орындалады.
1.Шеңбер сызыңдар
2.Шеңбердің центрін белгілеңдер.
3.Шеңбердің екі радиусын салыңдар, өлшеңдер.
4.Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды белгілеңдер.
5.Белгілеген нүктелерің шеңберді неше бөлікке бөліп тұр?
6.Доғаларды атап жазыңдар.
7.Екі радиус арасындағы центрлік бұрышты өлшеңдер.
8.Шеңбердің диаметрін салыңдар.
6.Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару.
№245
Берілгені: w(О,r) шеңбері
АВ- хордасы,
АС –диаметрі.
№246АБерілгені: АВС – үшбұрышы.
Берілгені : шеңбер сызыңдар.Түрлі түсті қарындашпен радиусын және диаметрін жүргізіңдер.Оқушылар дәптерге орындайды.
№229,№230 тақтаға оқушылар шығарады.
7. Бекіту сұрақтары.
1. Шеңбер элементтерін ата.
2. Үшбұрышқа сырттай сызылған үшбұрыш дегеніміз не?
3. Үшбұрышқа іштей сызылған үшбұрыш дегеніміз не?
8.Бағалау.
9.Үйге тапсырма: №249, №251