Монша?. Балалар?а монша? туралы т?сінік беру, домала? пішіндерді пара? бетіне ??ыпты, монша?ты жапсырып, ??растыру?а ?йрету, ?ол ?имылын жатты?тыру, ?семдікке, ??ыптылы??а, тазалы??а т?рбиелеу.


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Топ: орта
Тәрбиеші: Сергазина Н.М.
Білім беру аумағы: таным
Бөлім: құрастыру
Тақырып: Моншақ
Мақсаты: Балаларға моншақ туралы түсінік беру, домалақ пішіндерді парақ бетіне ұқыпты, моншақты жапсырып, құрастыруға үйрету, қол қимылын жаттықтыру, әсемдікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру сезімін ояту
Сұрақ - жауап
Сергіту сәті:
Қорытынды:
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң, алтын күн,
Қайырлы таң ,Жер Ана
Қайырлы таң достарым!
Балаларға моншақты көрсету
-Балалар мынау не?
-балалар моншақты не істейді?
Балалар моншақты әдемі болып көріну үшін тағады.
Моншақты мамалар, апайлар, қыздар тағады. Моншақ әр түсті болады.
Балалар, бүгін біз моншақты құрастырып үйренеміз
Кел балалар тұрайық,
Сергіту сәтін жасайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға отырайық
Жұмысымызды жалғастырайық
Балалар, тақтадағы тарақ бетіне қиылған домалақ пішінділермен құрасытырып жасаймыз. Моншақты құрастырғанда бір қызыл домалақ, бір көк домалақты жапсырамыз. Міне балалар, әдемі моншақ болып шықты. Моншақ ұнады ма?
Балалар, біз нені құрастырып үйрендік?
Моншақты қандай пішінделерден құрастырдық?
Балалар қолдарын көтереді
Қолдарын жанға апарады,
Қолдарын кеудесіне қояды,
Қолдарын түсіреді.
моншақ
моншақты мойынға тағады
Балалар сергіту сәтін жасайды.
ия
моншақты
домалақ
Күтетін нәтиже:
Білу керек: моншақты құрастыра білу
Болу керек: ынталы