Коучинг та?ырыбы: Бала?ызды? айтар ойы сіз ?шін ?аншалы?ты ма?ызды?


Коучинг сессия жоспарыІ деңгей информатика пәні мұғалімі Сағымбекова Э
Тақырыбы: Балаңыздың айтар ойы сіз үшін қаншалықты маңызды?
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ана ролінің маңыздылығын ұғындыру; Ата-аналардың
міндеттерін ұстануды қалыптастыру.
Оқытудың нәтижесі: Ата-аналардың балаларымен  әңгімелесу арқылы баланы ашуға
деген көзқарасы өзгереді. Мектеп –ата-ана болып бірігіп оқушының
өзіне деген сенімін қалыптастыру.
Негізгі ой: Ата-аналармен мектеп қарым-қатынасын нығайтуды ұйымдастыру  туралы.
1.От, Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай біHYPERLINK "http://letu.ru/" \t "_blank"летін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар ата -аналар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.
 (ата –аналарды осы атауларға сай топтарға бөлу)
2.Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 
3. «Бала» сөзіне  ассоциациясын құру
4. «Ойлан-жұптас-бөліс»
Мына сұрақтар төңірегінде жұпта талқылап,ортақ ойларыңызды ортада бөлісейік .
Ата- ананың міндетіне не жатады?
Баланы қалай оқытуға және қалай оқуға үйретуге жағдай жасар едіңіз?
Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?
Баланың дамуына қандай тәрбие, оқыту мен оқу әдістерін қолданасыз?
Балаларыңызға  уақытыңызды қалай бөлесіз?
Баланың оқуына қандай кедергілер болады?
Балаңыздың айтар ойы сіз үшін қаншалықты маңызды?
5. «Т» кестесі. Сізді балаңыздың қандай іс –әрекеті....... Қуантады. Күйзелтеді. Тапсырманы жеке орындайды.
6.Ой қозғау. Топтық жұмыс. Бала тәрбиесіне байланысты бейне ролик көрсетіледі.
Бағалау: Топ бір-бірін бағалау, смайликтермен бағалау.
Рефлексия. Қол,бас,жүрек.
Бас-басың арқылы бүгінгі коучингте не меңгердің?
Қол-қолың арқылы бүгінгі коучингте не істей алдың?
Жүрек-жүрегің арқылы бүгінгі коучингтен не сезіндің?