Ашы? т?рбие са?аты ?мірде ана — б?ла?, ана — пана


Өмірде ана-бұлақ, ана-пана
Мақсаты: Мерекенің маңызын түсіндіру, үлкендерді құрметтеуге,адамгершілікке,
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
* Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурызбен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндерімен сабақтас келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Құрметтесек аналарды құрметтейік дегендей, мереке қарсанында біз де аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз. Жылына бір рет келетін мерекеде еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету біздер үшін қуаныш әрі парыз. «Анасы бар адамдар еш қашан қартаймайды» демекші, әрқашанда аман жүріңіздер аяулы жандар!
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті жан аналар!
*Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген бұрымымен.
Біздің қыздар әдемі ,үлгілі ғой,
Жүргенде таң қаласың киімімен
(Ұлдар қыздарды музыка әуенімен алып келеді де,орындарына отырады)

Дильназ: Мені өсіріп баптаған, Нұрай: Анашымды сүйемін,
Жақсы оқысам шаттанған.Сөзін ойға түйемін.
«Дикөм менің» деп мақтаған,Света анамды ардақтап,
Жанар менің анашым.Әдеппен бас иемін.
Жанбота: Мен Фарида анамның, Аяжан:Өсіріп жатса анашым,
Өнегесін аламын.Қалайынша ұшпаймын.
Тәрбиелі қыз болып,Тәрбиеші болып істейтін,
Жолын қуатын боламын.Айнұр анама ұқсаймын.

*Көрініс: Тарих сабағы
-Ей,не деген мисызсың? Неге 2 аласың?
-Не болды?
-Абылай ханның туған жылы мен өлген жылын білмедің бе? Портретінің астына жазып қойған ғой,қашан туғанын,қашан өлгенін.
-Мен білмедім,ол портреттің астындағы сандарды Абылай ханның телефон нөмірі екен деп ойладым.
Ұлдардың аналарына арнауы
*Папама да болыстың,*Күлира атты анашым,
Атама да болыстың. Маған үнемі панасың.
Көпбалалы Люба атанып, Кейде теңге беріп қой,
Атағын шығар облыстың. Әкешім де санасын.
*Айсұлу десе Айсұлу,*Мына Әли балаңның,
Ол менің асыл анашым. Панасы болған Майра апам
Жаныңда жүріп қадірлеп, Ата-анамды сағынсам да,
Біз болайық қанатың. Ауылда жүріп,оқып алам.
*Динара- ол анашым, *Анашым менің Бибігүл,
Папамның болар жолдасы. Жұмыста ақша тауып жүр.
Бізге тәрбие бере бер, Папаммен бірге бақытты,
Құдайым сені қолдасын. Ұзақ-ұзақ өмір сүр.
* Вова,Вова,Вовамын,*Айнұр біздің анамыз,
Ойнауға уақыт табамын. Үйде болар панамыз.
Света анамды сыйлаймын, Мектепке келіп жүріңіз,
Өсе берер талабым. Әйтпесе таппай қаласыз.
Көрініс «200 теңге»
-Әже,маған 200 теңге беріңізші!
-Құлыным-ау,жоғалтып аласың ғой.
-Ұсақ 200 теңгені қағаз 200 теңгеге орап берсеңіз,жоғалтпаймын.
Бас иеміз ана деген тәңірге!
*Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қамқоршысы.
*Кез-келген адамның әдептілігі,жан дүниесінің сұлулығы ана жүрегінің жылуынан басталады.
*Келешекке ақ жол,адал ниет нұсқап,өмір себуші –Ана.
*Өмірде ана алақанының жылуы мен мейірімін ешнәрсе алмастыра алмайды.
*Ананы Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да , парызыңды өтей алмайсың.
*Ана-үйдің берекесі, баланың өнегесі, шаруаның несібесі.
*Нәзіктік атаулының жиынтығы –ананың аялы алақаны, сондықтан да ол біз үшін жылы ұя.
*Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
*Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.

*Ән «Аналардың тілегі»
*Көрініс «Италия»
-Италия картада неге ұқсайды?
-Резіңке етікке.
-Дұрыс, етікке ұқсайды. Бірақ неге резіңке деп айттың?
-Себебі, Италияның жан-жағын су қоршап тұр ғой.
Ұлдардың қыздарға арнауы
*Достықты мен ойлаймын,*Пайдаланса уақытты,
Бірге күліп,ойнаймын. Біздің қыздар бақытты.
Жанботаны құттықтап, Ашық аспан тілеп мен,
Мерекеде гүл сыйлаймын. Құттықтаймын Дильназды.
*Қылықты мінез қыздар-ай, *Қыздар деген көп шығар,
Сендерді көрмей қалай тұрам-ай. Аяжандай жоқ шығар.
Анаңның көмекшісі бола білші, Жақсы оқып сабақты,
Жәнібек ағаның қызы Нұрай-ай. Биіктерге ол шығар.

Ана-өмір,ана-жыр
*Мереке құтты болсын, аналарым,*Құрметтейік ,о адамдар, аналарды,
Мәпелеп еркелеттің, аяладың. Бізді өмірге әкелген даналарды.
Лебізіңе алғысты айта келе, Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ән-жырымды қабыл ал, аналарым! Ойлауменен істелік әр қадамды.
*Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,*Ана деген адамға Атамекен,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Әр адам анаменен адам екен.
Ана деген бәйтерегі өмірдің, Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ. Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.
*Анам менің өмірдегі тірегім,*Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,
Анам менің кеудемдегі жүрегім. Келтірген дүниеге нелер дана.
Егер менің қасымда сен болмасаң, Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін. Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

*Құшағыңа кіргенде, *Өмірде ана-бұлақ, ана-пана,
Жылынамын бір демде. Өмірді өркендетер ана ғана.
Не жетеді көзіңе, Өсірген талай көсем,талай шешен,
Мейірімді күннен де. Талай ер, талай ақын, талай дана.
*Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.


*Көрініс «Әжесі мен немересі»
* Ән «Ананың біз гүліміз» («Еркем-ай» әні әуенімен айтылады)
Келді көктем күнің-ай, Ана-біздің күніміз,
Күлімдейді гүлің-ай. Ананың біз гүліміз.
Алтын ойлы , анашым, Мына бізді қуантып,
Мерекеңіз бүгін-ай. Ұзақ өмір сүріңіз.
Менің асыл анам-ай, Баланың да тірегі,
Күндей нұрлы санаң-ай. Дананың да тірегі.
Қызығын көр балаңның, Шаншымасын ешқашан,
Еңбек сүйгіш анам-ай. Аналардың жүрегі.
Қорытынды:Ең жақсы сөз-Ана,
Ең жақсы сөз-бала.
Аман болса Ана,
Аман болар бала.