??стар к?ніне арнал?ан ерте?гілік ??стар бізді? досымыз!


Құстар-біздің досымыз!
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар «Көктем вальсі» әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті қонақтар және кішкене бүлдіршіндер! Бүгін көрікті көктем мезгілінде келетін біздің қанатты достарымыз – құстардың мерекесі.Балалар біздің елімізде құстардың 500 дей түрі кездеседі. Осы құстарымыздың таиғаттағы орны ерекше.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: -Көктем мезгілі-Ең алдымен көктем мезгіліне арналған әнімізді айтайық.
Хор: «Көктем»
-Көктемде бізге жылы жақтан нелер ұшып келеді?
Балалар:-Құстар ұшып келеді-Балалар қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: -Қаз, үйрек, аққу, тырна, торғай, көкек.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, құстардың түрлері өте көп.Құстар ағаштарды жәндіктерден қорғайды.Ал балалар айтыңдаршы біз құстарға қалай қамқор болуымызға болады?
Балалар: -Құстарға ұя жасап береміз. Суын, тамағын береміз-Айтыңдаршы көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?
Балалар: -Көкек ұшып келеді-Енді осы көктемнің жаршысы көкекке арнап ән айтайық?
Ән: «Көкек» Орындайтындар: Айша, Айғаным
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер сол жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар бізге қонақ келеді.
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
Балалар: -Қарлығаш
-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше адамдарды досы –қарлығашты қарсы алайық. (Әсем әуенмен қарлығаш ұшып келеді)
Қарлығаш: -Мен қарлығашпын,
Мен адамның тұрағын,
Мекен етіп тұрамын.
Ел аузында мақтаулы,
Қарлығаш боп қонамын.
-Амансың ба, адамзаттың адал досы, табиғаттың қорғаушысы – қарлығаш, жақсы келдің. Мерекеңіз құтты болсын.Енді өзіңізге арнап Гүлмариям қызыңыздың әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Құйшы жаңбыр» Орындайтын: Гүлмариям
Қарлығаш: -Жарайсыңдар балалар.
-Қарлығаш, енді біздің балалар құстарға арнап тақпақтар айтады, сіз балалардың сәлемін достарыңызға жеткізіңіз.
Айғаным: Өтті күндер боранды,
Аязды күн жоғалды.
Көктемді ертіп соңына,
Жыл құстары оралды.
А.Кәусар: Келші қара торғайым,
Жем берейін қорғайын.
Өзіңе арнап жасаған,
Ұяң әне дап-дайын.
Ұлдана: Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан
Бір тамырдан тамырға,
Секен-секен ауысқан.
Аружан: Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді.
Бақшамызға қонбайды.
Д.Кәусар: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Сымбат: Нұрланып күн тұрса,
Күллі әлем жайнайды.
Жер беті құлпырса,
Бұлбұлдар сайрайды.
Алдияр: Құстар-біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
Қарлығаш: -Балалар, мен сендердің сәлемдеріңді жеткіземін, достарым қуанатынына сенімдімін. Балалар мені достарым күтіп қалатын болды, мен кетейін қош сау болыңдар.
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»
-Балалар, құстар біздің адал досымыз, сондықтан да біз, оларды қорғауымыз қажет. Ата-бабаларымыз ежелден балаларына құстардың аттарын қойып, батыр ұлдарына сұңқар,бүркітке, ал әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Осымен балалар, құстар мерекесіне арналған мерекелік оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Аспанымыз ашық, құстарымыз аспанда тшарықтай берсін.
Балалар «Көктем» әуенімен залдан шығады.