Экологиялы? ойындар «Экологиялы? ?сімдіктер»


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
Ойынның тақырыптары: «Экологиялық өсімдіктер»
ОРМАН ЖИДЕКТЕРІ
Ойын қатысушыларына бес минуттың ішінде орман жидектерінің атауларын және оның ішінде қайсысы жеуге жарамды немесе жарамсыз екенін жазу ұсынылады.
Кейін ойынның әрбір қатысушылары өзінің тізімдерін оқиды. Кім көп орман жидектерінің атауын және оның жеуге жарамды қасиеттерін есіне түсірсе, сол жеңімпаз атанады.
ЕМДІК ШӨПТЕР
Ойын қатысушыларына бес минуттың ішінде орман шөптердің атауларын жазу ұсынылады.
Емдік шөптердің атауын көп есіне түсірген қатысушы жеңімпаз болады.
Осыдан кейін жүргізуші қатысушылардан қандай ауруға қандай шөптің көмектесетінін еске түсіруді сұрайды. Халықтық медицинаның үздік білгірі ретінде сауалнаманың нәтижесінде екінші жеңімпаз анықталады.
ФИТОШАЙ
Ойынның қатысушылары 3-4 адамнан топтарға бөлінеді. Топтарға 5- 7 минуттың ішінде орман өсімдіктері мен шөптерден шайдың рецептін құрау ұсынылады. Одан кейін әр топ өзінің құраған шайдың рецепті мен оның қасиеттері туралы оқиды.
Әділқазылар, фитошайдың білгірлерінің арасынан жеңімпазды анықтайды.
СОҢҒЫ ӘРІП
Ойыншылар шеңбер құрайды. Жүргізуші қандай да бір өсімдіктің атын атайды да, шеңбер бойында тұрған бір ойыншыға нұсқайды. Ол алдында айтылған өсімдіктің соңғы әрпінен басталатын өзге өсімдіктің атын атауы қажет. Шеңбер бойындағы оқушылар екінші және т.б. әр аталған өсімдіктің соңғы әріптерінен басталатын өсімдіктерді атауын ойлап табады. Ойлап таппаған ойыншы, ойыннан шығады.
Шеңберде жалғыз қалған ойыншы жеңімпаз атанады.
СЕКІРГІШ 1
Ойыншылар кезекпен секіргіштен секіріп, әрбір секірген сайын бір өсімдіктің атын атайды.
Кім көп секіріп және көп өсімдікті еске түсірсе, сол жеңімпаз атанады.