Урок балабакша Жабайы а?дар


Білім беру саласы: Коммуникация. Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы аңдар» (сурет бойынша әңгімелеу)Мақсаты:
А) Балалардың өткен сабақтардан алған білімдерін жинақтауға бағыттау, аңдар туралы жан – жақты түсінік бере отырып, жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету, сурет бойынша әңгімелету, проблемалық сұрақтар арқылы меңгерту;
Ә) Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, үш тілді сөйлуге бағыттау, сөздік қорын байыту;
Б) Жабайы аңдарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тақырыпты біледі, сөйлеу тілінде қолдана алады;
Игереді: оқу іс – әрекетінде игергендерін айта алады;
Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір - біріненен ажыратып, олардың қимылын келтіруді меңгереді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырып мазмұнына сәйкес слайдтар, ойыншық жабайы аңдар.
Оқу іс –
Әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар шеңбер бойына тұрып, интербелсенді тақтадан көрсетілген би қимылдарын бірге әуенмен қайталайды.
«Көңілді күн» әнін қимылмен орындайды.
Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын.
Енді бәріміз орнымызға отырайық. Балалар шеңбер бойынша орындарынан тұрып, биді әуенмен бирге қайталап орындайды.
Орындарына отырады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Кіріспе әңгіме:
Сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?
Олай болса бүгін біз оқу іс –әркетімізде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз.
Жабайы аңдар туралы не білесіңдер?
Жарайсыңдар!
Жабайы аңдар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды.   Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. -    Балалар, орманға келдік, мына алдымыздан шыққан аңның аты не?-    Қоян.-    Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін дейді, қоян. Орындаймыз ба?
Қоянның тапсырмасы:
- Мына суреттегі аңдардың атын атап бер. (слайд)- Сұраққа жауап беру және сол аңдар жайлы тақпақ айту.-    Қоян қандай?  Қоян қорқақ. -    Түлкі қандай? Түлкі айлакер.-    Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш. -3175126238000Ақ қоян ау, ақ қоян,Үркек қоян, сақ қоян.Қаша берсең қалыңға,Қорқағым деп ат қоям.
Мен айлакер түлкімін,Алдау менің өнерім.Таба алмаймын бір тыным,Күнде, түнде желемін.
-43180-69405500-1475740-835914000Тәтті көрсе бас салар,Айнымайды баладан.Үп-үлкен боп жасқанар,Кіп-кішкентай арадан.
Жарайсыңдар! Неткен ақылды балалар! Өздеріңізге бір қошемет жасап қойыңыздаршы! Интербелсенді тақтадан жабайы аңдардың суреттерін көрсету.
Аттарын атап, оларды үш тілде айтып үйренуге жетелеу





Сурет бойынша әңгімелету
Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?
Жабайы аңдарға нелер жатады?
Жабайы аңдарды үйде асырауға болады ма?
Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз?
Олар қай жерлерде мекендейді?
Аюдың баласын қалай атайды?
Арыстанның баласын ше?
Жолбарыстың баласын қалай атайды?
Қасқырдың баласын қалай атайды?
Түлкінің баласын ше?
Дыбыстық жаттағулар орындайық: менен кейін қайтала. Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр, Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі, Ян, ян, ян жүгіріп  жүр қоян,  Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.  
Жарайсыңдар балалар сендер өте білімдісіңдер, тез жауабын айта аладыңдар
Сергіту сәтін орындайды

Рахмет балалар, сендер тура аюдың қимылдарын тура салдыңдар, неткен ақылды балалар!-    Ары қарай жүрейік:  Алдымызда кім кездесті? Қасқыр.
Қасқырдың тапсырмасы:
-    Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі. (аңдардың суреттерінің қиындысын құрастыру керек)
Қасқыр, аю суреттері құрастырылып шығады.
Балалар сендер өте ақылды және білімді екндеріңді көресеттіңдер. Жарайсыңдар өз – өзімізге қошемет соғып қояйықшы.
Балалар сендердің күшті болғандарыңды мен де қалаймын, ал сендер ше?
Олай болса, «Кім күшті?» деген ойынға кезек берейік, араларыңда кім күшті екен?
Бардық, көрдік.
Жабайы аңдарды
Аю, түлкі, қасқыр т.б
Үйде асырауға болмайды өйткені олар жыртқыш
Орманды таулы жерлерде
Ойнап жатаыр
Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Қасқырдың баласын бөлтірік.
Түлкінің баласы жаутаң.
Барлығы мұғалімнің қимылын қайталайды.
Арине
Ойынға қатысады
Рефлексиялық – түзетушілік Балалар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
Сендерге жабайы аңдар туралы сабақ ұнады ма?
Мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін кім тапқыр екен?
Қалқиған құлағы бар,Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)Қыс бойы ұйықтайды,Көктемде оянады.  (аю)Өзі айлакер, өзі қу,Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)-    Балалар, біз бүгін жабайы аңдармен таныстық. -    Олар қайда мекендейді екен?-    Қандай жануарлармен таныстық?-    Аңдардың күшіктерінің аттарын атаңдаршы?Балаларды мадақтау. Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.Орнымыздан тұрайық,Түзу сызық құрайық.Көріскенше күн жақсы,Сау – саламат болайық.  Жабайы аңдар
Өз көңіл күйлерін жеткізеді
Жұмбақтың жауаптарын айтады
Орманда мекендейді.
Арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі.
Оқушылар орындарынан тұрып, қимылмен орындайды