Музыка п?нінен Бала, бала балапан та?ырыбына технологиялы? карта


Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Музыка
Тақырыбы: «Бала,бала балапан»
Мақсаты: Дене мүшелерін игеріп,қолды аяқты қимылдата отырып ,әуенмен бірге қимылдар жасауға уйрету.Ырғақпен ілесе қимылжасауға дағдылану
Үштілділік компонент:айналу –по кружиться - according to spin- , секіру-прыгать-jump , аяқпен топылдату- по топать- at stomp .
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыкалық жетекшінің іс-әрекеті Балалардың іс-ірекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар көңілді музыка үнімен залға кіреді.Шеңбер бойымен қатарласып жүреді.Орындарына тұрып , қолды бұрап қимыл жасайды.
Әуенмен бірге айналады, жеңіл музыкаға секіреді.әуен тоқтағанда бірге тоқтап,қимыл жасауды үйренеді
«Орындарыңда тұрып айналыңдар,денені көтеріп секіріңдер»-деп үйретеді Балалар шеңбер жасап жүреді.Әуенге ілесіп жүгіруге тырысады.Қолды буыннан бұрап қимыл жасауға талпынады.
Орындарында тұрып айналуға секіруге тырысады

Ұйымдастырушылық ізденістік Музыка жетекшісі балаларға өзінің қолын көрсетіп мынау не ?-деп сұрайды
-Қол
Қолда саусақтар болады.
-Кәне Бәріміз қолымызды көрсетейікші.Ал, мыналар саусақтар.Саусақтар былай-былай қозғалады.Ал аяқпен не жасауға болады балалар?
-Еденге топылдатып ұруға болады
-Қазір мен сендерге әдемі ән айтып берейін.
«Бала,бала,балапан»(И.Нүсіпбаев.Ж.Смаков)орындалады.Әнді орындау барысында алдымен алақанды, содан соң саусақтарды әуенмен көрсетеді.Екінші шумағында «топ-топ басайық» деген сөзге келгенде аяқты әуенмен топылдатып, «Жалаудан күн жасаймыз» деп қолды жоғары көтеріп,күн жасап , «алтын күн» дегенде қолды жоғары ұстап аяқтайды.Ән бірнеше рет қайталанғанда балалардың қимылдары бір-біріне үндесіп, бірге жасауға уйренеді. «Көңілді ырғақ » ойыны.Әуен ойнағанда балалар қолдарын шапалақтайды.Әуен тоқтағанда, қолдарын жасырады.
Халық әні «еркем-ай» әуені орындалғанда балалар аяқтарын топылдатып,әуен аяқталғанда балалар аяқтарын жасырып отыра қалады. Балалар сұраққа жауап беруге тырысады.
Қолдарын саусақтарын көрсетуге тырысады
Аяқтарына қарап, еденге топылдатуға тырысады
Аяқты топылдатып,қолды жоғары көтеруге талпынады.Музыка жетекшісімен ілесіп,әуенге қосылып қимыл жасауға тырысады.
Балалар қолдарын шапалақтауға,қолдарын жасыруға ,Аяқтарын топылдатуға тырысады
Әуен аяқталғанда аяқтарын жасыруға талпынады
Рефлекциялық түзетушілік Балалардан музыка үнімен қолдарын шапалақтауын,аяқтарын топылдатуын, қайталап сұрайды.
Музыкаға ілесіп қимыл жасап көзге ерекшеленген балаларды атап мадақтап өту Балалар шапалақтауды топылдатуды еркін көрсетеді.Қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Музыканы тыңдай білуді.Қызығушылығы мен ынтасын арттыру
Игереді:Музыка әуенімен қолдарын,аяқтарын, саусақтарын көрсетуді игерді
Меңгереді:Музыка үнімен аяқ қолды қимылдатуға дағдыланады
Толтырған:Алмаганбетова Г.С.
Тексерген: Молдагалиева Л.Ж.
Ескерту: