Сайыс саба? ?аза? тілі Мемлекеттік тіл — ?аза? тілі (1 — 4 сынып)


Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі»Мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру. 2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. 3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.Түрі: танымдық ойынКөрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.- Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару. ІІ. Негізгі кезең. Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің бастауыш сыныптар арасындағы «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:1. Таныстыру.2. Дода.3. Сөз мәйегі-мақал.4. Кім жылдам?5. Әріптер сайысы.6. Сен білесің бе? Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:1. Сатимова Ажар Канонқызы2. Бекжанова Сайран Кабдолловна3.Кульманова Гүлім Сабиоллақызы.
Беташарын сайысымыздың бастайық,Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.Таныстырсын сайыскерлер өздерін.Өнеріне ду қол соғып қостайық.Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!І кезең. Таныстыру. ( Оқушыларды топқа бөлу)ІІ кезең. «Дода»Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.І топқа:1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)2. ҚР Мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)3. Қыста не жауады? (қар)4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады? (жылдам)5. Күздің бірінші айы? (қыркүйек)6. Тұрлаулы мүшеге не жатады? (бастауыш, баяндауыш)7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибраһим)8. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)9. Наурызда пісірілетін басты тағам? (наурыз көже)10. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)ІІ топқа:1. Абай Құнанбайұлы кім? (жазушы, ақын)2. Қазақ тілінде неше дыбыс бар? (2)3. Қыс айларын ата: (желтоқсан,қаңтар,ақпан)4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)5. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (анықтауыш,пысықтауыш,толықтауыш)6. Жыл басы болған жануар? (тышқан) 7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік? (тоңазытқыш)8. Бір жылда неше күн бар? (365)9. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)10. Сөйлем неден құралады? (сөзден)ІІІ кезең. «Сөз мәйегі-мақал»Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.ІҮ кезең. «Кім жылдам?»Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген)2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)Ү кезең. «Әріптер сайысы»Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.І топқа:(а, е, т, о, с)1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?2. Досың кім?3. Әдемі адамның арманы не?4. Бүгін қандай күн?5. Сенің көзің қандай?6. Жігіттер сырға таға ма?7. Бала оқытатын адам?8. Бос уақытыңда не істейсің?9. Қандай тағамдар ұнайды?10. Жасың нешеде?ІІ топқа: (ә, б, м, н, қ)1. Мақал білесің бе?2. Есімің кім?3. Аспанда не бар?4. Мектеп мұғалімдері қандай?5. Қар қай кезде жауады?6. Алма тәтті ме?7. Кім болғың келеді?8. Адамдар неден қорқады?9. Сыныбыңда неше оқушы бар?10. Қандай қаланы білесің?ҮІ кезең. «Сен білесің бе?»Тақтада алты ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс
жауап берейік.3---6---24---1---51) Қазақтың үш биін ата: (Әйтеке, Қазыбек, Төле)2) Наурыз көжеге неше тағам қосылады? (7)3) Тұсаукесер нені білдіреді? 4) «Қыз қуу» ойыны туралы не айта аласың?5) «Арқан тартыс» ойынын қалай түсінесің?6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата:- Сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.ІІІ. Қорытындылау. Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!