Ана тілі п?нінен саба? жоспары Сауыс?ан мен к?кек (1 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен көкек. Жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ертегінің мазмұнымен таныстыру, сөйлем және оның құрылымы туралы толық мағлұмат беру. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу дағдыларын жетілдіу.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, дамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық кезең:
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
1. «Құстарым, келіңдер» өлеңін жатқа сұрау.
2. 87–жаттығу.
1. Сөйлемдерді оқыңдар.
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Айжан өлеңді жақсы айтады. Мұрат домбыра тартады. Серік пен Мақсұт шахмат үйірмесіне қатысады.
3. Сұрақ – жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
88–жаттығу.
1. Сөздерді оқыңдар.
2. Алдымен Не? Сұрағына, соңынан Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жазыңдар.
Егінші, бағбан, бұлт, трактор, тырма, омарташы.
ІҮ. Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,Емін - еркін тыныста.Деміңді ішке тез ал да,Оң қолыңды соз алға.Қол ұшына қара да,Үш бұрыш сыз ауада.Сол қол босқа тұрмасын,Шеңбер жасап тынбасын.
Ү. Оқулықпен жұмыс:
Ертегіні түсініп оқыңдар. «Сауысқан мен көкек»
Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі неде?
Көкектің қандай ойы болды?
Сауысқан ұяны қалай салды?
Көкек қандай құс екен?
Сауысқанның ұя салу әдісін мәтіннен тауып оқыңдар.
Жұмбақ
Қайталап атымды
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын.

ҮІ. Сабақты қорыту:
Біз не білдік?
- Сұрақ – жауап.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
«Сауысқан мен көкек» әңгімесін оқу. 99 – 101-бет.
ҮІІІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.