Turbo Pascal ба?дарламасыны? графикалы? м?мкіндіктерін есеп шы?аруда ?олдана білу


Turbo Pascal бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін есеп шығаруда қолдана білу
Turbo Pascal тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның ең бірінші инструкциясы Uses Graph. График нүктелерден-пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адресте-летін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экран-ның пиксельмен берілген мөлшері және түстер саны беріледі.
Графикада үш координаттық жүйе қолданылады: абсолюттік, салыстырмалы және масштабталған жүйе. Вертикаль және горизонталь өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады.
Абсолюттік координатада координаттар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып сан-алады, х координатасы солдан оңға қарай, у коор-динатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.
Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез келген нүктесіне ауыстырыла алады.
Масштабталатын режимде экран бетінде мас-штабталған координаталар беруге болады, онда х пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуе мүмкіндік бар.
Жалпы абсолюттік графикалық режимде әрбір  пиксель берілген 16 түстің біріне боялады;(0,0) -  экранның сол жақ жоғарғы бұрышы координатасы ,(639,479) -  оң жақ төменгі бұрышы координаталары болады;
-  әр түрлі фигураларды экранға шығару үшін алдын ала графикалық режимді іске қосып алу керек. Жалпы дисплей адаптерлері графикалық режимде 200, 350 тіпті 600 нүктелерден тұратын экран жолдарының әрқайсысы- нда 640, 720, 800 нүктелер тіз- бегін бейнелей алады. Мұндағы нүкте деп отырғанымыз – өлшемі 0,8х1 мм2 шамасында болып келген (CGA) кішкентай тіктөрбұрыш, яғни пиксель.
Әрбір нүктенің координаталары екі бүтін санмен (Х, У) анықталады. Дисплей экранына график салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0,0) болып экранның сол жақ жоғарғы бұрышы есептеледі. Х координаталары (бағаналар немесе позициялар нөмірлері) солдан оңға қарай, ал У мәндері (жолдар немесе қатарлар) жоғары-дан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы, VGA адапте-рінің экран бұрыштарының координаталарын Х=0..799, Y=0..599 аралығында көрсету қажет. Экранда Х өсі сол-дан оңға қарай, Y өсі жоғарыдан төмен қарай бағыт-талған, ал оның шеткі нүктелерінің координаталары суретте көрсетілген.
Олардың ең жоғарғы мәндері пайдаланылған экран адаптеріне тәуелді болады, яғни (0,0)..(320х200), (0,0)..(640х480), (0,0)..(800х600) аралықтарында және т.б. болуы мүмкін.
Сонымен, графикалық режимде экрандағы кез келген объект көрініп тұрған нүктелер тобынан тұрады. Мәтіндік режимнен графикалық ре-жимге көшкенде экран тазартылады. Графикалық режимде экраннан курсор көрінбейді. Дисплей экраны-ның бетіне (кейін қағазға) нүкте, түзу немесе қи-сық сызық, шеңбер, эллипс және кез келген тұйық сызық сызып шығаруға болады. Сонымен қатар тұ-йық сызықтардың ішін әр түрлі түске бояп қою мүм кіндіктері де бар. Сызықтарды жылжыту, айналдыру және басқа орынға көшіру арқылы көрнекі бейнелер мен мультфильмдер жасауға болады.
График тұрғызу үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режимде ол курсор позициясы болып саналады, ал графикалық режимде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранда көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі CP (current poіnter) бар. Негізінде оны да курсор деп қабылдауға болады.
Графикалық режимдегі жұмыстарды атқаратын Turbo Pascal нұсқасында графикалық функциялар өте көп, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз.
initgraph(Driver,Mode,Path);
графикалық режимді іске қосады. Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі - бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі - драйвер файлының орнын көрсетеді.
Көбінесе Driver параметрі мәні ретінде detect болатын бүтін константа қолданылады. Мұндайда initgraph функциясының өзі графикалық драйвер типін анықтап, ең дұрыс режимді таңдап алады.
Графикалық режимде сызық түстерін, тұйық сызықтар ішін түрлі түске бояуға болады.