План конспект урока ,изо на тему кескіндемедегі да?ты? ай?ынды?ы 3 кл


Сабақтың тақырыбы: Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі.
Дақтармен күзгі табиғатты бейнелеу
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Әр түрлі түстер гаммасын пайдаланып күзгі табиғат көрінісін бейнелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бейнелеу өнерінен алған түсініктерін дамыта түсу,стетикалық
Талғамдары мен шығармашылық ойлауларын дамыту.
Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдістері: Сұрақ-жауап,әңгіме, түсіндіру,көрнекілік, ойын.
Сабақ көрнекілігі:Түрлі түсті дөңгелектер,гүл(түсті жолақшадан жасалған ),геометриялық
пішіндер,Мюнстенберг кестесі,ойын көрнекілігі,спектограмма,күз сипа-
тын беретін сөздер топтамасы,жапырақтар, үлкен және оқушылар са-
нына сәйкес кіші смайликтер(көңілді және көңілсіз)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу құрал-жабдықтардың түгел болуын тексеру.
2.Психологиялық дайындық
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Керемет ! ( қол соғу)
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Тамаша!( қолды жоғары көтеру)
Ендеше бастайық!
Ия! ( бас бармақ көрсету)
3.Тірек білімдерін актуализациялау
Қандай түстерді білесіңдер?
А. Негізгі түстерді бөліп көрсету
Б Қосымша түстерді бөліп көрсету
В Түстер спектограммасын толықтыру
Г Шеңберге қосалқы түстерді орналастыру
Д Жылы және суық түстерді бөлу
Е Геометриялық пішіндерді бейнелерге айналдыру
Ж Мюнстенберг кестесінен бейнелеуге ұатысты 5 сөзді тауып оқу
З Қатесін тап ойыны
Ақ қауын қызыл кәді
Сары асқабақ,көк сарымсақ
Қара қияр ,қызыл сәбіз
Оқушым өлеңді мұқият тыңдап
Қанекей мұғалімнің қатесін тап
4.Сабақ мақсаттарымен таныстыру
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ендеше бүгінгі сабақта дақтардың көмегімен күзгі табиғат көрінісін бейнелеп үйренеміз
5.Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы шығармаларды қарап танысу.
Дақ түрлерін көрсету
6.Бекіту бөлімі.
-Күз айларын атау( әр айды түспен белгілеу) Неліктен ? ( түсіндіру)
-Күз туралы өлеңдер оқу:
1.Алтын ,сары, қызыл, көк2.Тырыс-тырыс, жаңбыр кеп жауады
Алуан-алуан жапырақ Тамшылар тамады.
Күзгі бақта күлімдеп Тырыс-тырыс ,терезе қағады.
Көз тартады атырап
3.Бұтақты бүге балбырап4.Көтеріле аспандай
Көз тартады көріңіз Көкте сұрша бұлт көшіп
Алма піскен балбырап Жерге інжу шашқандай
Маужырап барқыт қоңыр күз Күміс моншақ шық түсіп.
-Асоцияция құру.
-Күз -сары-жапырақ-алма – жаңбыр- бұлт.
-Тыныстау гимнастикасы.
Жел болып жапырақты үрлеу,ұшыру.
7.Сергіту сәті.
Қылқаламдар.
Келіңдер балалар қылқалам болайық
Бәріміз бірігіп суретті салайық
Келіңдер балалар қылқалам болайық
Салынған суретті бояйық
8.Практиқалық бөлім
9.Сабаөты қорытындылау, бағалау.
-Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
-Не істедіңдер?
-Қане айта қойыңдаршы, күлкі, қуаныш,тынығудың түсі қандай?
-Бұларды түспен көрсете алмаймыз,бірақ көңіл-күйді бет бейнесі арқылы көрсете аламыз.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма
-Ұнаса қандай смайликтер көрсетесіздер?
-Сендердің сабаққа қатысуларың маған өте қатты ұнады.Мен сендерге үнемі осындай кө-
ңіл күймен келемін.( Үлкен қуанышты смайликті) балаларға көрсету