«?зін – ?зі тану» п?німен интеграциялан?ан д?ниетану саба?ыны? жоспары.Та?ырып:Ауа-Жерді? ?ор?аны. Ауаны ?ор?ау


«Өзін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары:
Тақырыбы: Ауа-Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, риясыз жақсы көру.
Мақсаты: Ауаның тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Ауа қасиеті туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының маңызын ашу.
Міндеттері:
Білімділік Оқушылардың ауа және оның қасиеттері туралы білімін бекіту. Ауаның бүкіл қасиеттерінің мәнін аша отырып, риясыз әрекет жасауға үйрету.
Дамытушылық Бақылау қабілетін, талдау және қорытынды жасау білігін дамыту.
Тәрбиелілік Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу. Ресурстар:
(интерактивті тақта, ақ парақтар, жұмыс дәптері.)
Ұйымдастыру кезеңі Сыртқы интеграция
Баяу музыка қойылады
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Сұрақтар:
1. Қандай күйде болдыңдар?
2. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма?
Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. Сабақтың барысы:
Сыртқы интеграция.
Оқушыларды түстер бойынша топтастырып отырғызу.
І топ «Сүйіспеншілік»
ІІ топ «Ақиқат пен дұрыс әрекет»
ІІІ топ «Ішкі тыныштық және қиянат жасамау»
Үй тапсырмасын тексеру: «Су қоймаларын қорғау» 51 – бет
І топ Судың түрлерін еске түсіріп жаз.
Су–жер бетіндегі тіршілік көзі. Ол өзен, көл, бұлақ, мұздықтарда және жер астында кездеседі.
ІІ топ Судың қасиеттерін жаз.
Су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
ІІІ топ Табиғаттағы су айналымның нобайын сыз
Жылға, өзен, көлдер бетінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Сосын жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғатта су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы деп атайды.
«Су-өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік және жануарлардың бәрі сусыз тіршілік ете алмайды. Сол сияқты адамның ағзасы 80% судан тұрады.
Сұрақтар:
1.Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?/4/3 немесе70,8%/
2.Су айналымы дегеніміз не?
3.Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
4.Қалай ойлайсыңдар, суға не себепті сүйіспеншілікпен қарап, қорғауымыз керек?
Қорытынды: Су–мөлдір, тап–таза. Біздің де ішкі жан – дүниеміз де су сияқты таза болуы керек. Ал, мөлдірлікке біз сезімімізді теңеп, сол мөлдір сезімімізбен ойымыз бен санамызды тазартып, барлық нәрсеге сүйіспеншілікпен қарайық.
Дәйексөз
«Таза ауа — тіршілік кепілі» халық даналығы
Түсіндіру: Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.
Сұрақтар:
Дәйексөзде не туралы айтылған?
Ауаны не үшін қорғауымыз керек?
Қорытынды: Сондықтан, ауаны, табиғатты қамқорлыққа алып, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарайық. Ішкі интеграция
Жаңа сабақ:
«Көрінбейтін сиқыршы» әңгімесі
Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатсаң, жапырақтың жұлынып түсіп, жоғарылай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршы көрінбейді де. Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды.
-Бұл не? -Ауа
-Олай болса, қанеки, кім осы ауа туралы не біледі?
АУА сөзіне топтастыру жасау.
Ауа- мөлдір, түссіз, иіссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ. Жарайсыңдар, балалар!
-Дәптерлеріңді көтеріңдер, арғы жағындағыны көресіңдер ме? -Жоқ
-Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
-Иә
-Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
-Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел.Таза ауаның иісі жоқ.Ауа иіссіз.
Шарды алайық. Оны қолымызбен қысып көрейік, бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсек, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған-ауа. Сонда ауа серпімді және сығылады.
-Ал, балалар, ауа көзге көрінбейді. Бірақ айналада бар екенін білеміз. Мысалы: өздерің білетін сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Оның иісі де, түсі де, салмағы да, пішіні де болмайды. Ауа-газдардың қоспасы. Қандай газдардың қоспасы екенін білу үшін кітаппен жұмыс жасаймыз. 3 топқа мәтін бөлліп беріледі.Әр топ өз түсініктерін жеткізеді.
1.Сонда ауа деген газ, дәлірек айтқанда газдардың қоспасы.
ІІ ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратындығын дәлелдеген.
Ауа қоспасындағы ең көп газ яғни азот 78 %,
оттегі 21 %, көмірқышқыл газы 1%.
2.Еліміздің әрбір азаматы ауаны қорғауға міндетті екенін есте ұстауы керек. Сондықтан да ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін жасыл желектердің тұрақты отырғызылуын, сақталуын қадағалау керек.
3.Қоқысты, көліктің ескі дөңгелектерін, полиэтиленнен жасалған қапшықтарды бей-берекет өртеуге болмайды. Отқа жағылғанда олар улы газ бөліп шығарады.Сондықтан да, балалар, сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек. Ауаны ластама!
/Слайд көрсетіледі./
-Біз тыныс алған кезде біз ауадан қандай газды жұтамыз?
Тапсырма
Дәптермен жұмыс жасап, тапсырманы орындау.
Жердің ауа қабатын Атмосфера деп атайды.
Ауаның ластану себептері:
1.Түрлі қалдықтар (зауыттар мен фабрикалардан ауаны ластайтын әр түрлі қалдықтар шығарылуы)
2.Орманды кесу ( мақал сұрау.)
3.Улы газдар (көліктен шыққан түтіндер)
4.Радиация (1840 жылы Семей жеріне ғарыштан құлаған қалдық)
Жер шарын жан-жағынан біртұтас, қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Сендер далада жүрсеңдер де, үйге кірсеңдер де, тіпті ұшақпен аспанға көтерілсеңдер де, ауа қоршауынан босамайсыңдар. Ауа жер бетіндегі заттардың қуысын, саңылауын бос орын қалдырмастан толтырып тұрады. Кез келген заттың қуысында, топырақта, суда, тіпті біздің денемізде де ауа бар.
Оған көз жеткізу үшін тәжірибе жасап байқайық.
1-тәжірибе. Стақанға су құйып, оған бір түйір топырақ тастаңдар. Су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді?
2-тәжірибе. Стақанға су құйып, қозғамай қойып қойыңдар. Біраз уақыттан кейін стақанның ішкі қабырғасына ұсақ көпіршіктер тұрады. Бұл нені көрсетеді? Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір және түссіз болады.
Адам, жануарлар, өсімдіктер ауасыз тіршілік ете алмайды. Ауа – тіршілік көзі. Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан сақтайды. Ауаның мұнан да пайдасы қаншама. Оның әрбір қасиеті шаруашылыққа пайдаланады. Су түбінде жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астындағы шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Су астында ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резеңке заттарды ауаға толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады.
Сұрақтар:
1. Ауаның қандай қасиеттері бар?
2. Ауаның құрамы неден тұрады?
3. Ауаның сиппаттамасы қандай?
4. Ауаны қалай сезуге болады?
5. Не себепті ауаны тіршілік көзі дейміз?
6.Не себепті ауаны қорғап, қоршаған ортаға суйіспкеншілікпен қарауымыз керек?
Қорытынды: Ауа өсімдікке де, жануарларға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне де керек екен. Олай болса балалар, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап, мейірімділікпен қамқорлық корсетіп, риясыз жақсы көрейік. Шығармашылық жұмыс
Топқа бөлеміз:
«Табиғатты аялайық» тақырыбына сурет салу.
І-топ Сүйіспеншілік
ІІ-топ Ақиқат пен дұрыс әрекет
ІІІ-топ Ішкі тыныштық және қиянат жасамау
Әр топ өздерінің салған суреттерінен құндылықтардың мәнін ашады.
Қорытынды: Табиғаттың бізге риясыз тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қарамай. Табиғат сыйын бағалап, сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарап, қамқорлық жасайық. Топпен жұмыс
Топпен ән айту
« Бала тілегі » Сөзі: С. Молдасанұлы Әні: Л. Жолдасов Үйге тапсырма
Ауа-Жердің қорғаны.Ауаны қорғау. Оқулықтағы 55 беттегі кестені толтыру. Бағалау (топты, жеке бағалау) Сабақтың қорытынды сәті. Баяу әуен қою.
-Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз.
Бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізейік. Құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік: Сүйіспеншілік мейірімділік, қамқорлық, риясыз жақсы көру.
Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, қоңырауға шығып дем алуға болады, сау болыңдар.