Аманкелді орта мектебіні? 2016-2017 о?у жылында бастауыш сынып м??алімдеріні? ?дебиеттік о?у п?нінен ?ткізілген онк?ндікті? м?тіндік есебі


Аманкелді орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында
бастауыш сынып  мұғалімдерінің әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген онкүндіктің мәтіндік есебі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі жоспар бойынша өтті.
Онкүндік « Мұғалімдік  шығармашылығы- педагогикалық жетілдіруіне жол » атты тақырыбымен өтті.Мұғалімдер, келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін, сабақтар мен іс-шараларды дайындап өткізді:  
-Оқу мен тәрбиелік үдерісінде  екі тілді оқыту пайдалану
- орфографиялық және орфоэпиялық жітілікті дамыту
- мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдіру
- әдебиеттік оқу сабақтарында сыншыл ойлауды дамыту
-мәнерлеп, саналы, дұрыс оқу бойынша жұмыс жүргізу.
  Қазанның 17-нен 22-ші жұлдызының аралығында әдебиеттік оқу пәнінен онкүндігінің ашылуы  және осында мұғалімдер өткізілетін іс-шараларымен танысып өтті. Әр мұғалімнің жұмысын көруге мүмкіндік беретін, ашық сабақтар педагогикалық технологияларының әр түрлі элементтерімен ,интербелсенді тақтаны қолданып,СТО ,Блум таксономиясы бойынша түрлендірген жақсы сабақтар өткізді.
           Онкүндік жүргізілген кезінде бастауыш сынып мұғалімдері Есенова Салтанат Толендиновна сауат ашу пәнінен «О о дыбысы мен әрпі» тақырыпты ашық сабақ жүргізу барысында Жаңа үлгі бойынша сабағының құрылымы қызықты және оқушыларының таным- білімін көрсете білді,оқушылар сабаққа белсене қатысты.

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Кощибаева Күлбан Құсайыновна «Табиғатқа саяхат» тақырыбымен экологиялық тәрбие бойынша танымдық ойын сабағын өткізді .
          А.Қ.Шокаева «Қазақстан көлдері» тақырыбына әдебиеттік оқу пәнінен сабақ өткізді. Саяхат –сабағы өте қызық өтті: сабақ барысында Блум таксаномиясы бойынша құрылған. Сабақтың басталуы шаттық шеңберін құрып, бір біріне жақсы тілектер айтылып,топқа бөлінді. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, әдебиеттік оқу пәнінен өз білімдерін көрсете білді. Әріптестердің жақсы бағалауын  алды.

         А.С.Абдрахманова  «Аққу,Шортан және һәм Шаян» тақырыбында сабақ өткізді.Сабақты интербелсенді тақтамен СТО технологиясы бойынша , сыныпты топқа бөліп әр топ деңгейлік тапсырмалар орындады. Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып отырды.
Балалар өткен тақырыпты жақсы біледі, жаңа тақырыпты жақсы меңгерді.
.
         А.Т.Шакаримова оқушылары әдебиеттік оқу пәнінен сабақ слайд арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылып, балаларды қызықтырды.
Шарл Перро шығармашылығының ертегі кейіпкерімен танысты, ертегілер туралы білімдерін жақсы пайдаланып,білімдерін көрсете білді.

Б.Е.Бекахметова әдебиеттік оқу пәнінен «Төрт түліктің кеңесі» атты жаңа тақырыптың мағынысын ашу барысында оқушыларды топқа бөлініп әр топ төрт түліктің пайдалы қасиеттерін рольге бөліп оқыды, білімдерін жақсы пайдаланды. Блум таксономиясы бойынша ойлауды жіктеп, постер арқылы жаңа тақырыпты аша білді,төрт түлік туралы өлеңдер оқыды, топбасшы бағалау парағымен өзара бағаланып,сабақ қызықты өтті.

          Онкүндігінің аяқталу кезінде Тәуелсіздік Күнінің 25 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы өткізілді, Отан туралы оқыған өлеңдерін,  ең үздік мәнерлеп оқыған оқушылардың есімдері аталып өтті. Ашық сабақ пен іс-шаралар жақсы дәрежеде өтті және   әріптестер жақсы баға алды.

  
Аманкелді орта мектебі

Бастауыш сынып  мұғалімдерінің әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген онкүндіктің мәтіндік есебі

2016-2017 оқу жылы