Тренинг Адамгершілік ж?не жынысты? т?рбие (7- 10 сынып)


-3810-381000 А.С.Пушкин атындағы орта мектебі


Психологиялық тренинг
Тақырыбы: Адамгершілік және жыныстық тәрбие
(репрадуктивті денсаулық)

Қатысушылар: 7 – 10 сынып
қыздары


Орындаған:
педагог – психолог: А.А. Умеева
Базарбай ауылы

Тақырыбы: Адамгершілік және жыныстық тәрбие (репрадуктивті денсаулық)
Мақсаты: Оқушыларға жыныстық денсаулық жайлы ақпараттар беру.
Өткізілетін сыныптар: 7 – 10 сынып қыздары
Барысы
Танысу
Нұсқауы: Әр оқушы өзінің атын айтады және бос уақытында немен айналысатының айтып шығады.
Ойын «Менің сүйікті шарым»
Нұсқауы: Әр қатысушы ортадағы өзіне ұнайтын шарын алады. Тандаған шарына өзінің бойындағы бар жақсылықты үрлеу арқылы толтырады.
Ойға шабул (қатысушыларға сұрақтар қойылады)
«Денсаулық» – деген ұғымға не жатады?
«Репрадуктивті денсаулық» дегеніміз не?
Топпен жұмыс. Қатысушыларды өздерінің таңдаған шарларының түстері арқылы топқа бөлу. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
Репрадуктивті денсаулыққа әсер ететің жағымды факторларды ата?
Репрадуктивті денсаулыққа әсер ететің жағымсыз факторларды ата?
Репрадуктивті денсаулық дегеніміз не?
Жауаптар оқылып, талдау жасалады.
Ойын «Массаж»
Нұсқау: психолог көрсеткенде қатысушылар соны қайталап отырады.
Жай қолды сипалау
Жай қолын иығына қарай массаж жасау.
Арқасын , алақанымен массаж жасау.
Арқасын жұдырықпен топпақтау
Арқасын массаж жасау арқылы шымшимыз.
Тоқтаймыз
Массаждан кейінгі көңіл- күйін қандай екенін тындап, талқылаймыз.
Қорытынды. Әр қатысушы бір- екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.
Қатысушының аты – жөні Сыныбы Тренингтен алған әсері Өз ойлары Ұсынысы
Тренингті аяқтау.
Оқушылар орындарынан тұрып қолдарының үстіне қолдарын қойып «Біз біргеміз», «Біз командамыз» деп айқалап тренингті аяқтаймыз.
Хаттама№24
Айы: Қараша
Күні: 24.11. 2015ж
Қатысуға тиіс: 5 – 10 сынып және ата – аналар
Қатысқаны: 5 – 10 сынып және ата – аналар
А. С. Пушкин атындағы орта мектебі
Тақырыбы: Адамгершілік және жыныстық тәрбие (репрадуктивті денсаулық)
Мақсаты: Оқушыларға жыныстық денсаулық жайлы ақпараттар беру.
Әдісі: Тренинг
Нәтижесі:
Жиналыстың барысы бойынша мектеп медбикесі «Жасөспірімдердің адамгершілік және жыныстық тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бойынша адамгершілікпен жыныстық тәрбиенің өзара байланысы өте зор, сол себептен медицина жағынан келсек қазіргі кезде ерте жыныстық жетілуде екенің айтып өтті.
Мектеп педагог – психологі тренингтің тақырыбы, мақсаты, жоспарымен таныстырып өтті. Жоспар бойынша «Танысу»жаттығуы ұйымдастырылды. Бұл жерде әр қатысушылар өзінің атын айтыда және бос уақытында немен айналысатының айтып шықты. Келесі кезекте «Менің сүйікті шарым» тақырыбында ойын жүргізілді. Бұл жерде әр қатысушы ортадағы өзіне ұнайтын шарын алды. Тандаған шарына өзінің бойындағы бар жақсылықты үрлеу арқылы толтырады. «Ойға шабул» жаттығуында қатысушыларға сұрақтар қойылады. Атап айтсақ «Денсаулық» – деген ұғымға не жатады? «Репрадуктивті денсаулық» дегеніміз не? Деген сұрақтарға қатысушылар кезек – кезекпен өз ойларын айтып шықты.Топпен жұмыс кезінде қатысушылар өздерінің таңдаған шарларының түстері арқылы топқа бөлінді. Әр топқа тапсырмалар беріледі. 1- ші топқа «Репрадуктивті денсаулыққа әсер ететің жағымды факторларды ата?» 2 – ші топқа «Репрадуктивті денсаулыққа әсер ететің жағымсыз факторларды ата?» 3 – ші топқа «Репрадуктивті денсаулық дегеніміз не?»
Әр топтын жауаптар оқылып, талдау жасалады. «Массаж» ойыны жүргізілді. Бұл жерде психолог көрсеткенде қатысушылар соны қайталап отырды.
Жай қолды сипалау
Жай қолын иығына қарай массаж жасау.
Арқасын , алақанымен массаж жасау.
Арқасын жұдырықпен топпақтау
Арқасын массаж жасау арқылы шымшимыз.
Тоқтаймыз
Массаждан кейінгі көңіл- күйін қандай екенін тындап, талқыланды.
Тренингті қорытындылау кезінде әр қатысушы бір- екі сөзбен бүгінгі тренинг жайлы өз ойларын білдіреді.
Ұсыныс
Әр сынып жетекшілеріде қатыстырылсың
Хатшы: Ахметова К.К.