Патриотты? ?ндер бай?ауы ?н-жырымны? ар?ауы-Т?уелсіздік


Курмашева Арайлым Аскаровна
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы
М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
«Ән – жырымның арқауы - Тәуелсіздік!»
/патриоттық әндер байқауы/
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай оздырылғалы отырған «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік!» атты патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!  Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
/ Мектеп директорына құттықтау сөз беріледі./
2-жүргізуші: Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын-шалқар көліміз бар.
1-жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ жері өнерлі, өсиетті.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері
/Әділқазылар алқасымен таныстыру /
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Сахнаға бірінші болып 5 «а» сынып оқушысы Алипкалиев Алиханды «Жаса Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші:
Тұрағым Қазақстан – елді мекен
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен
Танытқан бар әлемге қазақ атын
Туымды асқақтата желбіретем
«Байтақ елім қазағым»- әнімен сахнаға 5 «б» сынып оқушылары Мингалиев Ернұр мен Нұрлыбаев Саятты шақырамыз
1-жүргізуші:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
Ән «Айналайын ауылым» сахнаға 5 в сыныбының оқушыларын шақырамыз
Қанатбай Ұлағат, Ерболатов Мирас
2-жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік -байлық , ырыс – құт,
Жарқырасын күніміз,
Жаса , жаса тыныштық.
4.Ән: «Орда туған мекенім» орындайтындар 6 «б» сынып оқушылары Сағыналиева Фатима, ҚуановаАяулым, Жайлаубайқызы Таңшолпан
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
5.Дуэттік орындауында ән: «Желтоқсан желі» 6 а сынып оқушылары Ұзақбаева Аялы, Букенова Ұлдана
2-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ,
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
6.Ән: «Туған жер» орындайтындар 7 а сынып оқушылары Саменова Айзада , Алмасқызы Дильназ
1-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
7.«Қазақстан - Отаным» әнімен сахнада 7 б сынып оқушылары Ахмедияр Ернар, Сұлтанияр Нұрсат, Тілекқабыл Жасмина
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған
8.Дуэттік орындауда «Самға» әнімен ортаға 8 а сынып оқушыларын шақырамыз (Ислямгалиева Дильназ, Шайдукова Руфина)
1-жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
9.Ән - «Қазақстан» - орындайтындар 8 «б» сынып оқушылары Әміржан Жансая және «Шабыт» би тобы
2-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
10. Ән: « Туған ел» сахнада 9 а сынып оқушысы Өтегенова Айнұр
1-жүргізуші:
Қазақ аты береке, бірлік дер ем,
Қазақ осы бірлікті – тірлік деген.
Сахарада бүгінде шықты қазақ
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.
11. Ән: «Туған жер» орындайтын 9 «б» сынып оқушылары Ғайниев Мерұлан, Жігерова Лаура, Амантаева Диана
2-жүргізуші:
12. «Нарын жастары» әнімен сахнада 10 «а» сынып ұлдары БиляловАлишер, Әміржан Бақытжан, Досжан
1-жүргізуші:
13. «Өз елім» әнімен сахнаға 10 б сынып оқушылары Таубаева Әсем мен Бирахметова Қапизаны шақырамыз
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына .
Үлгі бізге аталардың ерлігі ,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, - дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Ән-жырымның арқауы - Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне де келіп жетті.
Әділқазылар алқасынан жеңімпаздарымызды анықтап берулерін сұраймыз.
1-жүргізуші
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!