«Мектеп жасына дейінгі баланы? тілі? дамытуда моделдеу – к?рнекілігін ?олдануды? тиімділігі»


«Мектеп жасына дейінгі баланың тілің дамытуда моделдеу – көрнекілігін қолданудың тиімділігі»
Қазіргі замандағы балалар жоғары ақпарат тоғысында өмір сүруде. Олармен жанды қарым – қатынасты теледидар мен компьютер алмастырады, бұл мектепке дейінгі жастағы баланың белсенді сөздерді қолдануына кері әсерін тигізеді.
«Баланың таныс емес бес сөзді үйретсең, ол сол сөзді үйрену үшін ұзақ қиналады, ал осындай таныс емес жиырма сөзді суреттер арқылы көрсетсең, ол оны тез қағып алады» - деп, К.Т. Ушинский айтқандай, көрнекі материал басқа құралдарға қарағанда оңай игеріледі. Байланыстыра сөйлеуді дамыту – диолог, монолог секілді оқытудың негізгі нышандарын игеруді болжамдайтын, балаларды байланыстыра сөйлеуге үйренудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай, бала тілін дамытуда неғұрлым жаңа тиімді технологиялар мен тәсілдер қажет. Осындай құралдардың бірі – мнемотаблица, сызба түрінде ұсынылған моделдеу – көрнекілігі. «Мнемотехника» және «Мнемоника» сөздері – есте сақтау техникасы деген мағынаны береді. Ол грек тілінен аударғанда «mnemonikon» – есте сақтау өнері дегенді білдіреді. Мнемотехника – бұл жадыда жазуға ақпарат беретін ішкі хат жүйесі. Мнемотехниканы игеру – жаңашылдықты, яғни жаңа құрылымдарды қолдану деген сөз. Арнайы жаттығусыз мнемотехниканы алуан түрі бар.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектепке дейінгі баланың байланыстырып сөйлеуінің барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады. Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілерді орындау, байланыстырып сөйлеу сабақтарындағы мнемотаблицалар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, еске сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Мнемотехниканың тәсілдері балалардың еске сақтауын арттырады, байланыстыра сөйлеуге үйреніп, тілдік – коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, тілін дамытады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың көбі алған әсерлерімен өзара бөліседі де, ал берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруды қиынсынады. Негізінен бұл баланың берілген сауалға деген білімінің аздығы емес, баланың байланыстыра сөйлем құрастыра алмағандығынан. Олардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде С.Г. Ермакованың «Мектепке дейінгі жастағы баламен жұмыс істеуде моделдеу – көрнекілігін қолдану» әдістемесінде: нысананы немесе жағдайға өздігінен талдау жасау.
Моделдеу – көрнекілігінің құралын байланыстыра монологтың пікірін білдіруге үйрету жұмысының барлық түрінде қолдануға болады: қайтадан әңгімелеу; ойыншықтар, сурет бойынша, заттар туралы жұмбақтар құрастыру; тақпақтар жаттау.
Моделдеу – көрнекілігін қолдану, балалардың байланыстыра сөйлеуін мақсатты дамытуға, лексикасын белсенді байытуға, сөйлемнің әртүрлі құрылымдарын сөз сөйлеуде пайдалана білуді қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Моделдеу – көрнекілігін қолданбаса балалар сюжетті өздігінен жоспарлауға, байланыстыру контекстінде сөз сөйлеуді грамматикалық құруда қиыншылықтарға кездеседі.