Та?ырыбы: Машина тігістері.Машина тігістеріні? сапасы



21.12.2015ж. 7 а, ә, б, в, г
сынып
Технология
Кошбаева Жанна
Сабақ тақырыбы: Машина тігістері.Машина тігістерінің сапасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға машина тігістерін үйрету.
Сілтеме: 1. Оқулық .
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Оқыту нәтижелері: Машина тігістері.Машина тігістерінің сапасын өз беттерінше тігу арқылы меңгереді.
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
Топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Негізгі идеялар: Оқушының теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Қамтылатын модульдер Оқытудағы жаңа тәсілдер(диалогтық әңгіме), сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, бағалау.
Тапсырмалар 1.Топтастыру 3.Оқу,талдау, қорғау ЖИГСО әдісі
2. Сұрақ-жауап 4.бағалау
Орындалатын тапсырмалар:
Мұғалімнің
іс-әрекеті Уақыты Оқушының әрекеті
І.Ұйымдастыру
а) Амандасу
ә) Сынып оқушыларын түгендеу
б) Сынып оқушыларын санамақ арқылы топтастыру 3 минут
Сергіту сәтін орындай отырып, оқушылар ІІ топқа бірігіп топтасып отырады.
ІІ.Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап
Ашық сұрақтар 10 минут Тігін материалтану негіздері.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқу, талдау, қорғау, түртіп алу. 7 минут әр топқа
15 минут
4минут
1тапсырма Жигсо – 1 әдісі
І топ ,ІІ топ
І тапсырма
Машина жұмыстары-бұйым бөлшектерін тігін машинасында біріктіру бойынша орындалатын операциялар.
Екі немесе бірнеше қабат матаны машина тігімімен біріктіру нәтижесінде тігіс пайда болады.
Тігіс-бұйым бөлшектерін жіппен,желіммен немесе дәнекерлеу арқылы біріктіру орны. Киім бөлшектерін жіппен біріктіру,қосып тігу кең тараған.
Бөлшектерді біріктірубір, екі және одан да көп жіптерден құралған инешаншымдар арқылы орындалады. Инешаншымдар-иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.
Кезектесіп келетін екі инешаншым аралығындағы арақашықтық инешаншым ұзындығы деп аталады.Бөлшек қиығынан тігімге дейін аралық тігіс ені деп аталады.
ІІ тапсырма
Сарамандық жұмыс . Тігіс түрлерін орындау.
Сырып тігілген тігіс;
Жабық қиықты жапсырма тігіс;
Бүктемелі тігіс: ашық қиықты,жабық қиықты.
Жапсырма тігістер: ирек тігіс
Қорытынды: Қолмен де, машинамен де орындалатын тігістердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Алайда екеуі де тігін жұмыстары кезінде қолданылады. Машина тігістерінің артықшылығы-беріктігі мен орындалу жылдамдығы.
ІV. Рефлексия
2минут Кері байланыс сабақтан алған әсерін мен білімдері туралы қысқаша ойын,пікірін жазады.
V. Бағалау
2 минут Топтар арасындағы бағалау. Өзін-өзі бағалау.Критериалды бағалау.
VІ. Үй жұмысы
2 минут Тігіс түрлерін тігіп үйрену.