??растыру сабагы та?ырыбы Сурет ??растыру


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бағдарлама тараулары: Құрастыру
Тақырыбы: Сурет құрастыру /мозаика/
Мақсаты: Балалардың мозайка арқылы берілген суреттерді көлеміне.түсіне қарай ажыратып, композиция құрастыру дағдысын, ой-қиялын дамыту, еңбексүйгіштікке , ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: мозаика,әр түрлі суреттер
Сөздік жұмыс: мозаика
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы 1.Ұйымдастыру
2.Баланың сабаққа назарын аударту
«Шаттық шеңбері»
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Балалар ұйымдасқан түрде шеңбер құрып,берілген өлең жолдарын қайталайды.
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Іздену-
ұйымдастырушылық
3.Мозаика бейнеленген көрнекілікті көрсетіп, мозаика деп аталатынын айту.
Оның геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назар аударту.
4.Қандай элементтерден тұратынын түсіндіру. Түс үйлесімдігіне, заттардың пішініне сәйкес орналастыруына бағыт беру.
Балардың өз беттерінше жұмыстары.
5.Суретпен жұмыс Балалар берілген сөзді қайталайды.
Берілген түстерді атайды
Танымдық жұмыс жасайды
Балалар өз қиялдарын дамыта отырып орындайды
Рефлексивті-
корригиялық 6.Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз!
7.Балалар жұмысын мадақтау Балалар берілген сергіту сәтін қимыл – қозғалыс арқылы жасап көрсетеді.
Болжамды нәтиже:
Білу керек: суреттерді құрастыра білу
Қалыптасқан әдет: Шеңбер құрып тұру
Істей біледі: Мозаикадан сурет құрай алады.